Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024 22:33

Шымкент: Ж.Шанин театрында жаңа маусым ашылды

«Театр — ең бекзат өнер» деген ұлылар сөзінің дәлеліндей саф алтындай мәдениет мекенінің тіршілігі заманмен бірге дамып келеді. Соның ішінде 95 жылдық тарихы бар Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының орны ерек. 96 жаңа маусымның шымылдығын Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» пластикалық қойылымымен ашқан театр ұжымы көрермендерін тағы да тәнті етті.

 

Алдыңғы буын режиссерлерінің қолтаңбасы арқылы жеткен Айтматовтың «кейіпкерлері» - артистердің жан тебірентер шеберліктеріне мұктаж емес. Артистке қалғаны автордың идеясын анықтау ғана. «Ақ кеменін» пәлсапалық тұрғыдан тереңдігі, уақыт озған сайын жаңарған қоғамның көзімен зерттеуді талап етеді. Ал, Ж.Шанинның режиссерлары дәл осы, бүгінгі қоғамның жай-күйіне терең үңілген. Ескілік көзқарастың әлі де жаңармауы бұл адамзаттың өзгіріссіз қалмағаны дегенді білдірмейді. Уақыт озған сайын, түрлі өзгерістерге ұшырамайтын нәрселер бар. Сол көзге көрінбейтін адами қасиеттерді, сөзсіз тек қимыл-қозғалыс, эмоция арқылы жеткізген актерлар дегеніне жеткен. Кейіпкерлер сахнада өзін-өзі зерттегендей, өзін тану үшін кателіктерін мойындағандай, айналасындағы болып жатқан оқиғалардың себебін өзінен іздестіру керектігін түсінгендей көрінеді. Автор ұсынган оқиға мен кейіпкер болмысын қазіргі қоғамда кездестіргенмізбен, жасөспірімдердің қабылдауы мен ой-сараптауы басқа.

Сондықтан, Ж. Шанин театры ұсынған қойылымда мейірімді іздей отырып, бүгінгі қоғамдагы Оразкүлды түсінуте, Бекей мен Кемпірді қолдауға, Момын шал мен Баланы аялауға шақырады.

Ертегідегі Бұғы ана мен тылсым табиғаттың ұлылығын сезініп, адам болып қалудың жолы - мейірім екенін ұғындыратын қойылым заманауи театр әдісімен көрерменге ұсындық дейді инсценироакасын жасаған қоюшы режиссер Гауһар Адай.

– Қойылым - табиғат аясында болып жаткан адам мен тылсым күш арасындағы тартысты Театрдың жаңа маусымын сағынған көрермен залда лық толтырды. Премьера соңында қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің, Шымкент қалалық опера және балет театрының ықылас гүлдері табыстады. Алдағы уақытта Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының репертуарында бұдан да басқа тың дүниелермен толықпақ.

Оқылды 242 рет