Кеш барысында халқымыздың батырлық рухы мен жыраулық дәстүрін арқау еткен тағылымды әндер шырқалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кешке жиналған көпшілікті ұлттық өнердің кәусар бұлағымен сусындатты. Әсіресе, Ақан сері, Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев сынды өнер алыптарының шығармалары әуелеп, ұлттық өнердің асқақтығын айшықтай түсті.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков өнерпаздарға алғысын білдірді. Теріскей өңірінен түлеп ұшқан ақын-жазушылар мен күйшілердің мұрасы жайында мазмұнды ой қозғады. Сондай-ақ, қонақтарға құрмет көрсетіліп, ықылас гүлі мен сый-сияпат табысталды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат