Сонымен қатар, қолөнер көрмесі мен этномәдени экспозициялар қойылып, Отырар өңірінің мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуеті көпшілік назарына ұсынылды. Кешкі уақытта аудан өнерпаздарының және белгілі мәдениет қайраткерлерінің, театр тарланы Жүсіп Ақшора, өнерлі отбасы — Әбуовтер отбасы, дәстүрлі әнші Шоқан Теңлібаев бастаған отырарлық өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Айта кетейік,«Өнерлі өлке» фестивалі өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, ұлттық өнерді кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде жалғасуда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат