Дүйсенбі, 20 Шілде 2026 10:10

Түркістанда Ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған «Шәмші әндері» өнер фестивалі мәресіне жетті

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән падишасы, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтті.

Фестивальдің негізгі мақсаты – композитордың бай музыкалық мұрасын насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік көркемдік құндылығын кеңінен таныту. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қайраткерлері, өңір тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.

Фестиваль аясында Қазақстанның танымал эстрада өнерпаздары мен жас орындаушылар Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындады. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, «Melomen», «Сарын» және «Turan Boys» топтары, сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эльвира Мамытова және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті. Іс-шара барысында қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың таңдаулы шығармалары орындалып, көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Фестиваль композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен дәріптеуге, ұлттық мәдениетті насихаттауға және отандық эстрада өнерінің сабақтастығын дамытуға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Шәмші әндері» өнер фестивалі түркістандықтар мен қала қонақтарына, өнер сүйер қауымға ерекше шабыт, рухани байлық және көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көпшілік Шәмші атаның әндерін әншілермен бірге шырқап, композиторға құрмет көрсетті. Түркістан облысында мәдениет пен туризмді дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Облыс құрылған 2018 жылдан бері мәдениет үйлері 35 мәдениет нысаны ел игілігіне берілді. Түркістанда республикалық, халықаралық деңгейдегі өнер кештері мен байқаулары тұрақты өтіп келеді. Өңірге 8 жылда 2,5 млн турист келіп 2018 жылмен салыстырғанда (2018 ж. – 186,2 мың турист, 2025 жыл 500 мың турист) салыстырғанда 2,5 есе артқан. Тарихи аумақтарға 10 миллионнан астам біркүндік келуші келген.

Соңғы жылдары өркениет пен руханияттың ордасы - қасиетті Түркістанның мәдени-рухани бағытта дамуы үшін жұмыстар атқарылуда. Рухани шаһарда ел үшін маңызды шешімдер қабылданатын жиындар көптеп өтуде. Жақында ғана Түркі Мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін абыроймен өтті. Маусым айында Түркі Мемлекеттері ұйымының білім, ғылым министрлері мен жоғары сот төрағалары бас қосаты. Ал 2027 жылы Халықаралық ИСЕСКО ұйымының ұйғарымымен Түркістан ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Елдің абыройын көтеретін осындай игілікті істердің барлығы – мәдениет, руханият саласындағы қызметкерлердің еңбегінің жемісі деп сеніммен айтуға болады.

Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Түркістан қаласынан бөлек, облыстың басқа аймақтарында да мәдениет саласында оң өзгерістер байқалады. Өткен жылы аудан, қалаларда 6 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, биыл 10 мәдениет ошағының құрылысы жүргізілуде. Облыстық мәдениет мекемелері республикалық, халықаралық байқауларда өңір намысын қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінуде. Сондай-ақ театрларда жаңа қойылымдар сахналанып, концерттік ұйымдар мазмұнды кештерді жұрт назарына ұсынып келеді. Биыл «Конгресс холл» кешенінің «Алқоңыр» ансамблі Европада өнер көрсетіп, ел даңқын асқақтатты. Бұдан бөлек, Түркістанда халықаралық деңгейдегі өнер фестивалдері, жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізіліп жатыр.

Түркістанға келген адам қазақтың руханиятымен, болмысымен, мәдениетімен, тарихымен танысуды көздейді. Туризм­мен бірге мәдениет саласы дамуы тиіс. Халықаралық деңгейдегі өнер додаларының да өңір руханиятын дамытуға ықпалы зор. Түркістанда мәдениет пен өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Өнер саласында Түркістанның өз бренді қалыптасып келеді. Халықаралық өнер жобалары Түркістанды таныта түседі. Түркістандық бишілер де, әншілер мен ансамбль­дер де осында шығатын әрі Түркістан екенін білдіріп тұратын сәнді киіммен өнер көрсетуде. Түркістан рухани астана болғандықтан туристер осы жердің мәдениетін, ежелгі дәстүрін көргісі келеді.

Өңірде руханият саласын серпілтетін жобалар жүзеге асып, жұмыстар атқарыла бастады. Облыс басшысының тікелей тапсырмасымен Облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыт­тағы өнер ұжымдарын ашу үшін 100-ден астам штат берілді. Атап айт­қанда, хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыт­тағы әншілер топтарына мамандар қабылданды. Осылайша, жаңашылдық келді. Нәтижесінде, Jana lep өнер ұжымы құрылып, үлкен сахнада қалыптасып келеді. Алғаш рет «Құстар қайтып келеді» мюзиклі сахналанып, өнер майталмандары мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

Облыс орталығы болғалы қала тұрғындары кешкі уақыт­тарын өткізетін жер тапты. Қазір көп адам театрға барғысы келеді. Концерт көргісі келеді. Билет­ті «тикетон» арқылы алуды үйренген. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы әртүрлі іс-шаралар арқылы көптің өнерге, мәдениетке деген құштарлығын оят­у үстінде. Әрине, оның барлығында ауқымды еңбек жатыр. Әншілер жай шығып ән айтып, артистер сахнада рөл ойнап кете салмайды. Басқа мәдениет қызметкерлерінің де еңбегі жатыр.

Жалпы, Түркістан облысында 700-ге жуық мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның iшiнде 400-дейі кiтапхана, 250-ден астам мәдениет үйлері мен клубтар, 24 музей, үш кәсіби театр, екі орталық, бір облыстық филармония, бір «Конгресс-холл» көпсалалы кешені, бір көркемсурет галереясы, бір «Оңтүстікфильм» мекемесі, 9 саябақ бар. Өткен жылы Түркістан облысының бес жылдығы кең көлемде атап өтілді. Үш кәсіби театрда 15 жаңа спектакль сахналанып, 132 спектакль қойылды. Райымбек Сейітметовтің 85 жылдық мерейтойына орай республикалық театр­лар фестивалі ұйымдастрылды. Келес ауданында «Театр және көрермен» халық театрларының облыстық байқауы өткізілді.

Түркістан музыкалық драма театры Әзірбайжан астанасы Баку қаласына, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Түркия Республикасының Анкара қаласына, облыстың аудан, қалаларына, Р.Сейітметов атындағы Түркістан сазды драма театры Жамбыл облысына гастролдік сапарға шықты. Ал Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінде 200-ге жуық концерт және мәдени шара өткізілген. Астана қаласындағы QAZAQSTAN орталық концерт залында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония Шәмші әндерінен «Менің Қазақ­станым» ән кешін өткізіп, 3500-ге жуық көрермен тамашалады. Гастроль шалғай ауылдарда жалғасты. Шетелдерде өнер көрсет­ті. Сонымен қатар «Алтын сақа» түркітілдес халықтарының анимациялық фильмдер фестивалі өт­ті. «Музейлер шеруінде» республикалық, облыстық, аудандық музейлердің Түркістан қаласындағы көшпелі кеңейтілген көрмесі ұйымдастырылды.

Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінде халық шығармашылығын дамыту, әдістемелік көмектер көрсету мақсатында «Мәдениеті ауылдың…» ақпарат­тық танымдық бағдарламасы, «Ұлт­тық мұра жаршысы» танымдық фильмдер, «Түркістан мақамдары», «Мәдениет және өркениет» әдістемелік семинар мен шеберлік сағат­тары өткізілді. Түркістан қаласында «Жібек жолының жауhары», «Түркістан – ер түріктің бесігі» республикалық ақындар айтысы өт­ті. Облыстың намысын аламанда қорғап жүрген 12 айтыскер ақынға бірдей шапан тігілді. Жыл соңында Түркістан төрінде өткен облыстық жыр додасында тапсырылды. Сонымен қатар аудандарда облыстық байқаулар өткізіліп келеді.Түркістанда жаңа қала, орталық салынды. Ғимарат­тарға – жан, тұрғындар өміріне мән беретін сала – мәдениет. Бұл тұрғыда Түркістан қаласы шарықтап дамып жатыр деп батыл түрде айтуға толық негіз бар.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 16 рет