Акция аясында көшелердің, ауылдардың, ауылдық округтердің атауы жазылған көше аншлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандар атауларының тіл туралы заңға сәйкес дұрыс жазылуына және эстетикалық безендірілуіне зерделеу жұмыстары (ағарған, тозған, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, қате жазылған мәтіндерді реттеу)жүргізілді. Осыған орай, 2019 жылдың 11 маусым күні бекітілген кестеге сәйкес Ленгер қаласында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға, ретсіз орналасқан жарнамаларға, қате жазылған маңдайшаларғаһәм көше атауларының дұрыс жазылуына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. 15 күнтізбелік күн ішінде кемшіліктерді ретке келтіру қажет екендігі ескертілді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.