Бейсенбі, 04 Шілде 2019 17:51

Түркістан облысы: Түлкібас ауданына келуші туристер саны жылдан-жылға артып келеді

Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 5362 турист табан тіреген. Оның ішінде 473-і – шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 840 туристке немесе 9 пайызға артып отыр. 

Баршаға белгілі, орналастыру орындары болмаса туризм де болмайды. Аудан аумағында 2 қонақ үй: «Карима» және «Ережеп Ата», 2 емдік-сауықтыру орыны: «Ақсу-Жабағылы оңалту сауықтыру кешені» және «Ақбұлақ балалар өкпе құрт емдік шипажайы», 7 балалар сауықтыру лагері: «Машат-Арасан», «Таң нұры», «Машат Ерке», «Арман», «Б.Саттарханов», «Отырар», «Орбита», 18 демалыс аймағы келіп демалушы қонақтарға қызмет көрсетеді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің Түлкібас ауданы аумағында да жол бойы қызмет көрсету орталықтары ашылып, жұмыс істеуде.

Сонымен қатар «Гүлдер», «Водник» балалар лагерьлерін де қайта құрылымдау, қалпына келтірту жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағында туризм саласын дамытуға бағытталған біршама инвестициялық жобалардың биыл іске қосылуы жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1259 рет