Сәрсенбі, 20 Маусым 2018 11:53

Шымкентте жасыл желектің қатары қалыңдап келеді

Шымкент қаласында жасыл желек аумағы жыл сайын ұлғаю үстінде. Егілген қоғамдық баудың көлемі бүгінде 100 гектардан асты. Биыл ағаштар алғашқы жемісін беріп үлгерді. Аптап ыстыққа қарамастан мыңдаған гектар алқапқа егілген дарақтар суарылып, күтіп-бапталып жатыр

Аумағы 11 гектарды алып жатқан бұл алқапта 7 мың түп алма ағашы отырғызылған. Екі жылдың ішінде-ақ ағаштар жемісін бере бастады. Бұл, әрине, бағбандардың ерен еңбегінің нәтижесі. Ағын су таусылғалы бері алқапқа жерасты ұңғымаларының суын пайдаланып жатыр екен.

Бүгінде Шымкенттің аумағындағы жасыл желектің жалпы көлемі 5 мың 164 гектарға жеткен. Мұнда алғашқы тал-дарақтар 2009 жылы отырғызылған еді. «Жасыл аймақ» МКК өздерінің тұқымбағын құрып, сонда өскен көшеттерді күздігүні қураған ағаштардың орнына отырғызуды жолға қойған.

Жасыл желекке жауапты мамандардың сөзіне сенсек, жаздыгүні жиі орын алатын дала өртінің алдын алу жұмыстары да қолға алынған. 527 шақырымға минералдандырылған жолақтар салынған. Оған қосымша 90 шақырым өртке қарсы жолақ тағы жасалып жатыр. Осы жұмыстардың екінші кезеңі тамыз айында басталады. Бұдан бөлек су құйылған тіркемесі бар өрт сөндіретін 29 трактор да сақадай сай тұр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1639 рет