Бейсенбі, 11 Наурыз 2021 21:36

Шымкентте әжелер мектебі ашылды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Шымкент орталық мешітінде әжелер мектебінің салтанатты ашылу шарасы өтті, деп хабарлайды «Aq-qara.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рухани маңызы зор салтанатты шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері көп болды. Атап айтқанда, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және әжелер мектебінің мүшелері қатысты.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ашылып отырғанына айрықша тоқталып, рухани тәрбие жұмысында аналардың орны ерекше екенін атап, үлкен институттың жұмысына сәттілік тіледі.

Енді алдағы уақытта «Әжелер мектебі» жұмысын күшейтіп, қыз балалардың тәрбиесі үшін бірқатар маңызды шаралар қолға алынбақ деп жоспарлануда. Болашақ ана атанатын нәзік жандылар үшін бұл шаралардың өз нәтижесін берері сөзсіз.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 856 рет