Бағдарлама аясында «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы» жобасы негізінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдетғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған бірнеше жобалар таныстырылды.
Мақсаты - ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттау.
Тәрбиелік маңызы бар сыныптан тыс іс-шаралар сценарилері балабақшадағы бүлдіршіндер, мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 қағидаттарына негізделіп жасалған.
Нәтижесінде танымдық КВЕСТ ойыны, «Dastur start» зияткерлік ойыны секілді ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында өткізілетін іс-шараларға қатысатын жастар саны ұлғаяды, жастар бойында ұлттық салт-дәстүрлерді театралдық көріністер арқылы ұғынып, шығармашылық қабілеттері артады, зияткерлік қабілеттері шыңдалады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мотивациялық оқыту онлайн курстарын өткізу жоспарда бар.
Бейнебайланыста таныстырылған тағы бір жоба - «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы» жобасы. Мұнда қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлер (инфографикалар) жобасы даярланады. «Баланы еңбекқорлыққа қалай баулимыз?» тақырыбында ата-аналарға арналған қалта жолнұсқаулығы жасалынбақ.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат