Жұма, 28 Мамыр 2021 13:06

Түркістан: «Керуен сарай» ішіндегі жасанды көл – «Яссы» каналы болып аталмақ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Бұл туралы Рашид Абатұлы "Ішкі саясат бөлімі" басшысы Бақытжан Букебаевтың есеп беруі кезінде мәлім етті.

Сонымен қатар, қаладағы бүкіл білім беру ошақтарында «Ясауи өмірі мен ғылымы» туралы ақпараттардың таралуын қамтамасыз етуді, 2023 жылы шығуы жоспарланған Ясауиге арналған кітапқа атсалысып, бөлімнің Халықаралық ұйымдармен жұмысын күшейту керектігін айтты.

Бөлім басшысының есебіне сәйкес, шаһарда 2021 жылдың 5 айында бірқатар іс-шаралар өткізілген. Атап айтқанда, індеттің алдын алу мақсатында құрылған 7 қалалық ақпараттық-насихаттық топ онлайн режимде бекітілген жоспарға сәйкес кездесулер өткізуде. Соның ішінде, "Түркістан – түркі әлемінің астанасы" тақырыбында мемлекеттік мекемелер мен оқу ордаларында, кітапханаларда, т.б. ұйымдарда сәуір айынан бастап жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Қала әкімі есепті қабылдап, қала тұрғындарына мемлекет тарапынан тағайындалатын (атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы т.б) көмектер бойынша ақпарат беруді жетілдіру, үкіметтік емес ұйымдарды ақпараттандыру жұмысын одан әрі жандандыру бойынша тапсырма берді.

Спортты дамытуда да бұқаралық спорт түрлері дамыды. Атап айтқанда, «Спортты дамыту бөлімі» 2021 жылы 25 спорттық іс-шара өткізіп, оған 3000-ға жуық адам қатысқан. Қазіргі таңда бөлім тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында арнайы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жұмыс атқаруда.

Қала әкімі өз кезегінде бөлім басшысына мектепке жақын жерде салынған спорт алаңдарын қадағалауын, бұқаралық спортты дамытуды, спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасалмаған қала аймақтарына жеке меншік спорт кешендерін жалға беруді қолға алуын, халық арасында спортты дамытуды, жарыс-ойындар ұйымдастыруды тапсырды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 869 рет