Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" маманы сінің теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу №22 Б.Момышұлы атындағы мектептің оқушыларымен кездесті. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сінің теолог маманы Дүйсен Асхат діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді.
- Қазіргі таңда адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп, мемлекетке, қоғамға, жанұяға қауіп төндіріп отырған, адам денсаулығына түзелмейтіндей зиян келтірген теріс пиғылды діни ағымдардың қызметі алаңдатушылық туындатуда. Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамды іштен ірітіп, бүлік салып жатқандығы туралы жиі айтылып келеді. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар,-деп бастады баяндамасын маман.
Дін атын жамылған ағымдар өздеріне жаңа мүшелерді тартып, олардан түскен ақпараттарды бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, бейэтикалық тәсілмен жеке тұлғаны бағындыру арқылы, психологиялық қысым көрсету, қорқыту және мүшелерді ұйымда ұстап қалудың өзге де жолдарына сүйенеді. Осылайша олар тұрмыс қалпын және адамның еркін ақпараттық дүниетанымды таңдау құқығын бұзады. Бүгінгі таңда қоғамда дін атын жамылып ұлттың өркениеті мен мәдениетін теріске шығарушы көптеген ағымдардың пайда болғаны белгілі. Сонымен елімізде дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге шет елдік миссионердің белсенді қызметі арқасында протестанттық ағымдардың «Иегова куәгерлері», «Агапе», «Жаңа өмір», «Жаңа аспан», «Благая весть» және т.б. жұмыс істеуде. Рон Хаббард негізін салған Саентология шіркеуі. «Кришна санасы» қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа діни ағымдардың бірі. Бұл діни ағым жастар арасында таралып жатыр. Бұл ағымдар өздеріне тән әдістері мен мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады. Миссионерлік жұмыстарын белсенді жүргізеді: кең аудиторияларда,концерт залдарында, кинотеатарларда. Сондай-ақ қайырымдылық жұмыстарын жақсы ұйымдастырады. Бұл ағымдар өз ұйым мүшелерінің құқығын бұзып,«сананы бақылау» әдісі арқылы денсаулығына, психикасына зиянын тигізеді. Көптеген миссионерлер жергілікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді. Деструктивтік діни ағымдар мүшелерін меншікті заттай қарайды. Ағым мүшелерінің рационалдық ойлаудан бас тартуы, ең қауіпті салдар болып саналады. Сонымен қатар, адамның жеке басына тәуелділікке бейімділікті, дербессіздікті және тұйықтықты енгізу, тағы да мұндай топтастықтың біріктіру сипатын күшейтеді. Сол сияқты дін атын жамылған ағымдардың мүшелігіне көп жағдайда жастардың, соның ішінде кәмилеттік жасқа толмаған азаматтардың өтуі таңғаларлық жәйт емес. Саентологтар заңсыз әрі мамандандырылмаған медициналық тәсілдермен айналысады. Қазақстан Республикасындағы Кришна санасының қоғамы мүшелері адамгершілікке жатпайтын және үндеу мен жаза түрінде олардың абыройын аяққа таптайтын азапқа неліктен душар етеді. «Брахма Кумарис», Сан Мен Мун бірлестігінің қозғалысы, Иегова куәгерлері бірлестігінің ерушілері тіленушілікпен айналысып жатқанда, оларды оңай пайдаланып, өз діни бірлестігі үшін тегін еңбек жасатқызады. Сан Мен Мун бірлестігінің қозғалысы, Саентология шіркеуінің жетекшілері өз жиындарында гипноз және басқа да психологиялық сендіру әдістерін қолданады. Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, ең қауіпті қазіргі заманғы деструктивтік діндер: «Саентология шіркеуі» және басқа да хаббардтық ұйымдар (дианектика орталығы, «Нарконон», «Криминон» және т.б.), «Иегова куәгерлері», «Иисус Христос қасиетті соңғы күн шіркеуі» (мормондар), «Бірігу шіркеуі» және басқа муниттік ұйымдар, «Кришна санасының қоғамы» және басқа неокришнаиттік, Шри Чинмоя культі, «Брахма Кумарис», «Аум Синрике» және оның бөлшектері, мысалы, «Гухъясамаджа», «Фалуньгун», «Жанұя» («Құдай балалары»), «Сенім қозғалысы» (елукүншіліктер, әртүрлі «толық Евангелия шіркеуі» және т.б.), «Ақ ағайындылар», «Соңғы өсиет шіркеуі», уаххабиттер және басқа экстремистік ағымдар, К.Кастанеда ерушілері, Лазарева ерушілері, түрлі комерциялық, және дін атын жамылған ағымдар. Адамның имандылық жөніндегі пікірлері де әртүрлі. Имандылық-адамның ішкі әлемінің татулығы, қоғаммен, табиғатпен үйлесімді болуы.Әрбір адам қоршаған ортасын қадірлеп, айналасындағы адамдарды сыйласа, мемлекетттің заңдарына құрметпен қараса, пайдалы істер жасаса, осының барлығы айналып келгенде имандыллыққа саяды. Ал, Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында әңгіме өрбітті. Еліміздегі дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып саналады,- деген маман осы бағытта мемлекет деңгейінде заңдылықтарды жетілдіру және күшейту қолға алынған, ал жергілікті жерлерде нақты атқарылар жұмыстардың нәтижелілігі артуда екенін айтты. Дін саласы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде үйлестіріліп, жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан халықты, ең алдымен, өскелең ұрпақ – жастарды қорғау міндеті тұр. Осы мақсатта қала көлемінде дін саласы бойынша халық арасында, яғни елдімекен тұрғындары, мекеме қызметкерлері, оқу орындарының жастары мен мектеп оқушылары арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қала көлемінде ақпараттық-түсіндіру топтары құрылған. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, пікірлерімен бөлісті. Ал мамандар осындай шараның басқа да оқу орындарында жалғасын табатынын жеткізді.