Сейсенбі, 20 Қыркүйек 2022 23:46

Түркістан: Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу №21 М.Пошанов атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесті. Мақсат өскелең жас ұрпаққа діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айту, одан бойды алыс ұстауға шақыру. Экстремизм – «әсірелікке, зорлық-зомбылыққа үндейтін, дiни өшпендiлiкті жандандырушы және азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, көзқа­расына немесе құқықтары мен бостандығына қатер туғызатын кез келген діни тәжірибені» өз мақсатына пайдалануды көз­дейтін іс-әрекет немесе қалыптан тыс шетін көзқарастар.Дін түсінігіндегі экстремизмді дінге сыймайтын шектен тыс көзқарастар мен іс-әрекет­тер құрайды. Мұндай экстремизм­нің соңы зорлық-зомбылыққа, агрессияға апарады. Экстре­мизмнің кең және нақты өл­шемдеріне баға берген ре­сей­лік эксперт М.Краснов. Оның ойынша, экстремизмге мы­надай идеяны, бағыты, доктриналарды таратуға бағыт­талған әрекетті жатқызуға болады: адамдарды таптық, мен­шіктік, нәсілдік, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне байланысты бөлу; адам құқығын конституциялық құндылық ретінде жоққа шығару; ашық плюрализм мүмкіндігін, идея­ларды еркін тарату және айыр­бастауды жою; бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату.Ал отандық зерттеуші-ғалымдар экстремизм­нің пайда болу себебі әр қоғамда әртүрлі болады деп түсіндіреді.  Ол сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де, экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез келген қоғам мен мем­лекетке тән. Қазіргі ке­зең­де экстремизм­нің пайда болуы­ның негізгі факторды ретінде эксперттер: әлеуметтік эконо­микалық тоқырау; жергілікті тұр­ғындардың көп бөлігі өмір сүру деңгейінің күрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси инс­титуттардың деформациясы; олар­дың қоғамдық дамудың пі­сіп тұрған мәселелерін ше­шуге қабілеті жетпеуі; саяси ре­жим­нің тоталитарлық сипат алуы бар. Осыған қоса, ғалым­дар экстремизмнің пайда бо­луы мен дамуына әсер ететін қо­сымша факторды атады. Олар: халықаралық немесе мем­лекеттік жүйеде экстремизм көріністеріне қарсы күрестің осалдығы, тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемле­кетаралық қатынастың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістің өсуі, т.б. Елімізде діни экстремизм және терроризмге қарсы ел­дегі билік органдарын тегіс жұмыл­дыра отырып, мемлекеттік дең­­гейде күрес жүргізілуде. Мә­­селен, 1999 жылдың 13 шіл­­де­­сінде «Терроризмге қар­сы іс-қимыл» туралы заң қабыл­­данды. 2005 жылдың 18 ақ­па­нын­да «Экстремизмге қарсы іс-қи­мыл» туралы заң қабыл­дан­ды. Бұдан бөлек, 2013 жыл­дың 24 қыр­күйегінде №648 Жар­лықпен Қазақстанда діни экс­тре­мизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылға арналған мемлекеттік бағ­дарламасы қабылданып, сол бағытта жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы қабыл­данған заңның 6-бабына сай мемлекеттiк органдар өз құзы­ретi шегiнде экстремизмнен сақ­­тан­­­дыруға бағытталған біраз жұ­­­мыстар iске асуда. Мысалы, ді­ни қыз­мет саласында мем­ле­­кет­тік реттеуді жүзеге асы­ра­­тын мем­­ле­кеттiк орган ел ау­­­ма­­ғында құ­­рыл­­­ған дiни бiр­лес­тiк­­тер мен миссионер­лер­дiң қыз­метiне зерделеу мен тал­дау жүргiзуде. Өз құзыретiне жа­та­­тын мәсе­лелер бойынша ақ­па­рат­тық-насихаттық iс-ша­ра­лар­ды жүзеге асыруда. Оған қоса Дiни қызмет және дiни бiр­­лес­­тiктер туралы заң­наманың бұзылуына қатысты мәселелердi қарап, экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын бұ­­затын дiни бiрлестiктердiң қыз­­метiне тыйым салу туралы ұсы­­ныс енуде. Ал бiлiм сала­сын­дағы орталық атқарушы орг­ан бiлiм беру ұйымдарында оқу­шы­лардың экстремизм идея­ларын қабылдамауын, халық­ара­лық құқық пен iзгiлiктiң көп­шілік таныған принциптерiн құрметтеуiн қалыптастыруға ба­ғытталған тәрбиелiк бағдар­ла­малардың бекiтiліп, жастар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілуде.Қорыта келгенде, бүгінде ел­де­гі тұрақтылық пен тыныштық – бар­шаға ортақ құндылық. Оны қорғау тек мемлекеттік ор­ган­­дардың міндеті болмауы тиіс, оған әрбір Қазақстан аза­маты өзінің жауапкершілігін терең се­зініп, экстремизмге жол бермеуі тиіс. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру дейді мамандар. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.  Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

 

Оқылды 422 рет