Түркістаноблысыныңадамиәлеуеттідамытубасқармасының«Арысқаласыадамиәлеуеттідамытубөліміне» қарастыҚабылсайжалпыортабілімберетінмектептедиректордыңтәрбиеісіжөніндегіорынбасарыР.Абилханованыңбастамасымен 8-11 сыныпоқушыларыарасында "Дін-тәрбиедіңгегі" тақырыбындаашықтәрбиесағатыөтті.
Мақсат - исламдініндегіимандылықтуралытүсінікберу, оқушылардыңойлауқабілетіншыңдау, олардыадамгершілікке, ұлтжандылыққатәрбиелеу.
Дін дегеніміз - ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершіліктің, қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. «Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілер әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім жесірге, қаріп - қасірге қорған бол, ақ бол, а дал жүр», дейді дін.
Дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Діннің басты белгісі – адамның ақыл - ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс ретінде сену және оны мойындау. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнат.
Діндер туралы түсінік беру: Адам баласының тарихында көп тараған дүние жүзілік діндер: буддизм, христиан, ислам. (картадан діндердің таралу аймағын көрсету)
1. Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ежелгісі (б. з. д VI ғ.) болғанымен бұл дінді ұстанушылардың саны христиандар мен мұсылмандарға қарағанда әлдеқайда аз.
2. Христиан діні – әлемдік діндер арасындағы саны жағынан басым. Бұл дінге сенушілер 2/5 бөлігін құрайды. Христиан діні үш топқа бөлінеді: Православие, Католик, Протестант
3. Ислам – салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөліктеріне таралған. Сүнниттік, шииттік ағымдарынан тұрады. Дүниежүзінің 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.
Ислам дінінің негізі 610 жылы Арабия түбегінде қаланды. Исламның дүние жүзіне кең таралуына алғашқы кезде Арабтардың жаулап алу соғыстары мен сауда қатынастары ықпал етті. VІ – VІІ ғасырларда Арабтар мәдениеті кіші Азия мен Үнді өзені бойына солтүстік Африкаға таралса X ғасырда ислам қазіргі Иран, Ирак, Орта Азия жерлеріне келіп жетті. Ислам дінінің қағидаларында мұсылмандардың білім алуға ұмтылысы жаңа жерлерге саяхат жасауы құпталады. Араб саяхатшылары сауда керуендерімен бірге көптеген алыс - алыс елдерге барып, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына себепші болды. Мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке (Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келген жері) және Мәдиненің (Пайғамбардың жерленген жері) орны ерекше. Осы қалаларға қажылық сапарға барып – келу мұсылманның парызы болып саналады.
Діндер халықты қамтуы жөнінен: халықтық – тайпалық, ұлтаралық, әлемдік болып та бөлінеді.
Иманды адам және имансыз адам қасиеттерін топтастыру: өзімшіл, күншіл, пайдакүнем, менмен, тәкаппар, суайт адамды имансыз адам деп атайды. Сондықтан адамның асыл қасиетінің – адамгершілік, жақсылық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдық, әділдік шыншылдық ұяттылық жиынтығын имандылық дейміз.
Дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратушыны насихаттайды, адамды имандылыққа баулиды. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай - ақ көп дінді ел. Діннің орасан зор адамгершілік қуаты республиканың өмірінде біріктіруші рөл атқаруға тиіс және атқара алады.
IІІ. Ислам діні – Қазақтың рухани негізі
Құран Кәрімде Пайғамбарымызға 23 жыл бойы түсіріліп отырған
30 парадан, 114 сүре мен 6236 аяттан тұрады. Онда 77934 сөз, 325743 әріп бар.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің білім және тәрбие туралы айтылған хадистерінен:
Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады делінген. Олар: шыдамдылық, шүкіршілік, Аллаға шын пейілмен сенушілік, барлық істе де Аллаға жүгінушілік.
Бір сағат бойы білім игеру бір түнді жалбарынумен ұйқысыз өткізгеннен артық. Бір күн бойы білім үйрену үш ай қосымша ораза тұтқаннан жақсырақ.
Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің тірегі.
Тәртіпшілдік – тұрмыстың жартысына, достасу – ақылдың жартысына, уайымшылдық – кәріліктің жартысына тең.
Ілімді үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу, мол дүние жыйып, оны керегіне жаратпай көміп қойғанмен бірдей.
Апта күндері туралы түсінік беру:
Қазақтың әр күні қасиетті:
Дүйсенбі – сауда жасауға сапарға шығуға қолайлы күн.
Сейсенбі – “қанды күн”.
Сәрсенбі – дұшпанға қарсы тиген күн, сәтті күн
Бейсенбі – “жақсы күн” Тілеген тілек қабыл болады.
Жұма – Адам Ата жаратылған, пайғамбарлар некелескен күн.
Сенбі – сейіл күн.
Жексенбі – күні басталған жұмыс тез әрі сапалы бітеді.
Сейсенбі күні Алла тағала жер жүзіне жап - жасыл өсімдіктерді жаратты. Бұл күні ағаш егудің сауабы мол да қисапсыз болмақ.
Сейсенбі — күллі адам баласының ұлы анасы Хауа ана қайыз қанын көрген күн. Махаббат қызғанышынан Адам атаның балалары — Қабыл бауыры Әбілді қызыл қанға бояп өлтірген күн. Ибраһим елі қасиетті Сиықтың түбіне жетіп, қанға бояп өлтірген күн.
Сахабалардың бірі Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардан “Сейсенбі күні қандай күн?”- деп сұрағанда. “Қанды күн”, “Қан төгілген күн” - деп жауап қайырған екен.
Қазақтардың сейсенбі күнді сәтсіз күн деп сапарға шықпай жатуы, үлкен жүмыстарды істемеуі, келелі істерді бастамауы бәлкім “Қан төгілмесін”, “Істеріміз сәтсіз болып қалмасын”, “Бұл күні жол тұйықталып тұрады” деген нанымның арғы алыс астарында пайғамбарлар заманындағы оқиғалармен сабақтасып жеткен жетелі сырдың жебеуіндегі жетістік болса керек.
Сейсенбі күні — тырнақ алуға болмайды, өкпе - реніш туылуы мүмкін, қол қысқарып, кедейлік басуы, жол қысқарып, тұйықталуы ғажап емес. Шаш алдыруға болмайды, басқа қауіп - қатер төнуі осыдан болар.
Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани және ел болып, тамырымызды тереңге жаюымыздың негізі, ата – бабамыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы ретінде құрметке лайық.