Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан №10 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді.
Әлемжелідегі жат ағым әлегі
деген теолог маман Дүйсен Асхат оқушыларға осы бағыттағы бандамасын оқыды.
«Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм еліміздің әлеуметтік, саяси- экономикалық және мәдени, рухани дамуына кері әсер етіп отыр. Соңғы жылдары елімізде діни экстремизмді, халықтар арасында алауыздықты тудыруда интернеттің айтарлықтай ықпалы өсті. Яғни, әлеуметтік желілерде ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарды өршіту белең алуда. Бір өкініштісі, әлеуметтік желіге кірген ел тұрғындары өздерінің саяси, діни сауатсыздықтарының салдарынан желіде мақсатты түрде жат идеологиялы ақпараттар таратып немесе халықты әдейі арандатып отырған адамдарды қолдап, қолпаштап, «лайк» басып, астына «тисе терекке, тимесе бұтаққа» пікір жазып, теріс қоғамдық пікір тудыруға үлес қосып отыр. Яғни, ел ішін ала тайдай бұзғысы келген жат идеологияның таралуына және бүгінгі қазақтың қырықпышақ болып әлеуметтік желіде дауласуына интернеттің ықпалы зор. Статистикаға сүйенсек, технологияның дамып, заман талабының өзгеруіне орай 2021 жыл басында интернетке 15,47 миллион адам кірген, яғни ел халқының 81,9% пайызы интернетті пайдаланып отыр. Олардың дені жастар екені айқын. Ал осы жастар Facebook, Instagram, Vkontakte, Twitter сияқты әлеуметтік желілерде сәләфизм идеологиясындағы материалдарды оқымасына, діни сауатсыздықтан оған қызығушылық танытпасына кім кепіл?! Facebook желісінде жас та, кәрі де елде не болып жатқанын күндіз-түні аса қырағылықпен бақылап отыр. Бұл жерде әр 20 минут сайын бір миллион сілтеме таралады екен. Ал Инстаграмда радикалды топтардың «шейхтары» үгіт-насихат жүргізуде. Яғни, инстаграм парақшасында миллиондаған жазылушылары бар белсенділер отыр десек, мәселенің қаншалықты қауіпті екені белгілі. Еліміз бойынша «Вконтакте» желісінде жастардың 70 пайызы отырады. Бұл пайыз олардың ішіндегі діни теріс ағым мүшелерінің экстремистік бағыттағы материалдарының ауқымды аудиторияны қамтып отырғанын көрсетеді. Облыс бойынша бұл желіні көбіне 18-30 жастағы жастар қолданады. Бұл азаматтармен облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс жүргізуде. Деструктивті теріс ағымдағы аккаунт иелерімен кері байланыс орнатылған.Соңғы кездері облыс аумағында болып жатқан заңбұзушылықтардың түп төркіні де осы интернетте жатыр. Кітап оқымайтын, теледидар қарамайтын, күндіз- түні тек телефонға телмірген кейбір жастар дін мәселесінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін аңғармай, от басуда. Әлеуметтік желілерді қолданушы тұрғындарына ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты тудырған тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынып немесе 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеміз».