Сарыағашта елдімекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округі мен Атамекен елді мекенінің тұрғын үйлері көгілдір отынға қосылды. Аталған шараға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.

Түркістан делегациясы Кореяның бренд компаниялары басшыларымен кездесулер өткізді

Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының Тэджон қаласына ресми сапармен барды. Сапар барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Woosong университетінің төрағасы Ким Джон Хёнмен кездесіп, SolBridge кампусын аралады.

Шардарадағы жүгері өңдеу зауытының дәнді кептіру және сақтау кешені іске қосылмақ

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы «Шардара» индустриалды аймағында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Шардара ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды жүгері дақылын терең өңдеу зауытында болды.

Шардарада 1200 орындық жайлы мектеп салынатын болады

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған кезекті жайлы мектеп Шардара ауданында пайдалануға беріледі. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапары аясында білім беру саласының басшылығы мен мектеп ұжымымен кездесіп, жаңа білім ұясына қойылар талап пен тәртіп туралы айтты.

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Түркістанда балалардың құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жыл мерекесіне арналған шыршатой өтті. Мерекелік шырша шамын облыс әкімі Дархан Сатыбалды жағып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Түркістан облысы: экономиканы көтерудің негізгі жолы – өндіріс орындарын, жаңа жұмыс орындарын ашу

Түркістан облысы әкімі аппаратының мәжіліс залында Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, фракция мүшелері – облыстық мәслихат депутаттары, басқарма және департамент басшылары қатысты.

Түркістанда салынатын ғимараттардың сәулеті мен сапасы талқыға түсті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде салынатын ғимараттар мен жобалардың сәулеті кезекті рет талқыланды. Сәулеттік кеңеске жауапты басқарма басшылары, кәсіпкерлер мен инвесторлар және сәулет, құрылыс саласының өкілдері қатысты. Өңір басшысы әрбір жобаны терең зерделегеннен кейін ғана кеңес отырысына ұсыну керектігін ескертті.

Түркістан қалалық ауруханасында 26 кохлеарлық имплантация сәтті жасалған

Өткен жылы Түркістан қалалық орталық ауруханасы өңірдегі медициналық тәжірибеде үлкен серпіліс жасап, алғаш рет оториноларингология саласындағы заманауи жоғары технологиялық оталардың бірі – кохлеарлық имплантация жүргізе бастады. Бұл жоба – аурухананың жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып қана қоймай, есту қабілетінің ауыр бұзылысы бар пациенттерге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгені құраған

2024 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Алдын ала есеп бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 4,3 трлн теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 109,8%-ды құрады. Экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мәселесі облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.