СОЗАҚ АУДАНЫНДА 750 ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР АҒЫН СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Созақ ауданында тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылым саласына баса назар аударылған. Бүгінгі таңда Құмкент ауылдық округі тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген «Жылыбұлақ» каналының құрылысы жүзеге асырылып, канал толықтай іске қосылды. Бұл жоба ауылдың егіс алқаптарын ағын сумен қамту мәселесін оңтайландырып, ауыл шаруашылығы саласына оң өзгерістер әкелмек.

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ЖАСЫЛ АУЛА» АЯЦИЯСЫНА ҮН ҚОСТЫ

Отырар ауданының көрікті көктемі жыл сайын көшет егумен басталады. Табиғат-ана оянған мезгілде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу ауданда үрдіске айналған.

САЙРАМ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ, жергілікті деңгейде өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс жүргізу болып табылады.

ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 9 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын. Былтырдан бері 57 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді.  Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру.

ШЫМКЕНТ: АУҚЫМДЫ ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жол қозғалысын қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала аумағындағы құрылыс және қайта құру жұмыстары 13 ірі нысанда жүріп жатыр, жалпы ұзындығы 43,7 шақырымды құрайды. Бұл нысандарға келесілер кіреді:

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА ӨТКЕН СЕНБІЛІКТЕ 300 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» акциясын қолдау, сонымен қатар ауданды көркейту, көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру мақсатында көктемгі ағаш егу жұмыстары өтті. Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 300 түп қарағаш, айлант, теректер отырғызылды. Игі шараға аудан әкімімен бірге мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер бір кісідей атсалысты.

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА ҒИМАРАТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сауран ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Б.Қалмұрзаев және сала ардагерлері қатысты.