Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды

Түркістан облысы, Сауран ауданында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Нысан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Еңбекші диқан ауылында орналасқан білім ордасы 600 орынға шақталған.

Ғалым Шойкин Сауран ауданында ҚХА мүшелерімен, имамдармен және қоғам белсенділерімен кездесті

Таяуда Сауран ауданына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин іссапармен барды.  Сапар аясында жергілікті этномәдени бірлестіктермен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, мешіт имамдарымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өтті.

Түркістан облысында 48 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысы, Созақ ауданында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға арналып салынған жаңа баспаналардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Созақтық 48 отбасы жаңа баспаналарының кілттерін алды. Игі шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Қазығұрт ауданында 2025-2030 жылдар аралығында құны 55,1 млрд. теңге болатын 45 жобаны іске асыру жоспарланған

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда. Қазығұрт ауданының әкімі Әзизхан Исмаилов ауданның 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерін баяндады.

Түркістан облысы: пилоттық жоба жоспарының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында келелі жиын өтті. «Көрсетілген білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобасын жүзеге асыру қадамдары тақырыбында өткізілген басқосуға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу департаментінің директоры М.Елекеновна, Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Е.Илясұлы, «Smart Nation» орталығының маманы Г.Есет және ата-аналар қатысып, тақырыпқа сай мәселені талқылады.

«Turan» арнайы экономикалық аймағының өндірістік қуаты арту үстінде

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында бірқатар өнеркәсіп орындары өз жұмысын бастады. Түркістанды индустриялық және инвестициялық орталық ретінде дамытуға арналған ерекше алаңның инвестициялық портфельінде қазіргі таңда 550 млрд. теңгені құрайтын 137 жоба бар. Олар еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, аймақтық экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Дәл осындай маңызды жобалардың бірқатары БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-тур аясында таныстырылды.

Халықаралық көрмеде Түркістанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды

«WTM London 2024» – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме. Биыл көрмеге Қазақстан Республикасының атынан Түркістан облысы да белсенді қатысты. Аталған көрмеде Түркістан облысының Туризм басқармасы, Түркістан қаласының әкімдігі мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС аймақтың бірегей туристік әлеуетін ұсынды.

Түркістан облысының елді мекендерін бас жоспармен қамту жөнінде жол картасы жасалды

Түркістан облысында 800 елді мекен бас жоспармен қамтылған, орындалу пайызы (99,1%) құрайды. Қалған 7 елді мекенге 2025 жылы оңтайландырылған бас жоспар әзірлеу жоспарланған. Елді мекендердің қолданыстағы бас жоспарлары талапқа сай ма? Қандай кемшіліктер бар? Осы және өзге де мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды.

Түркістанның инвестициялық климаты жақсарып келеді

Түркістан қаласында өткен халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді.

Шардарадағы жүгері дақылын терең өңдеу зауыты құрылысының екінші кезеңі 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы «Шардара» индустриалды аймағында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Шардара ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Шардара» индустриалды аймағында болып, жүгері дақылын терең өңдеу зауытының құрылыс барысымен танысты.