Super User

Super User

Түркістан облысында «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Байқаудың мақсаты- композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап кәсіби бағдар беру, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету, әншілердің орындау шеберліктерін арттыра отырып оларға қолдау көрсету және отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Жетісай ауданында ағын су тапшылығының алдын алу шаралары күшейтілуде

 

Соңғы бір аптада Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таңда көршілес Өзбекстан Республикасынан «Достық» каналына секундына небәрі 51,45 текше метр су жіберілуде. Бұдан бөлек, «МАШ» каналға Сырдария өзенінен машиналық насостық станция көмегімен секундына 27,50 текше метр ағын су тартылуда. Бұл көлем мақташылардың ағын суға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Осы түйткілдің түйінін тарқату мақсатында Жетісай ауданының әкімдігі Қарағанды облысынан арнайы канал тазалағыш «Драглайн» жылжымалы техникасын алдыртып, «МАШ» канал ұлтанын тазарту жұмыстарын бастап жіберді.

Түркістан облысы Астана қаласына 400 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтті

Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, Түркістан облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала - Астанаға жөнелтілді. Тамыз айының 11-12 күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеде 35-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 411 тонна.

Түркістан облысында жаңа теміржол бағыттары іске қосылады

Жыл соңына дейін «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» жаңа теміржол бағыттары іске қосылады. Бұл шаруалар Шымкент қаласы республикалық статус алуына және Түркістан облысының құрылуына байланысты атқарылып отыр. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қазметінде өткен баспасөз жиында мәлімдеді. Оның сөзінше, жалпы облыста 2018 жылдың 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары.

Осы RSS каналға жазылу