Сонымен қатар, көше бойлары мен аяқжолдар ретке келтіріліп, абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді. «Жасыл белдеу» аумағында отырғызылған тал көшеттері суарылып, түптері әктеліп, күтіп-баптау шаралары қолға алынды.
Ауқымды шараға 4950-ден астам бюджеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен аудан тұрғындары белсене қатысты. 18 арнайы техника жұмылдырылды.Нәтижесінде 32 шақырым көше бойы мен 19 шақырым аяқ жол тазаланып, 270 тоннадан астам күл-қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат