Super User

Super User

Өмірзақ Шөкеев кесене аумағындағы тарихи орындарды қалпына келтіру барысын бақылады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтап, жауаптыларға тиісті нұсқаулар берді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады.

Түркістан: Жетсайлық әжелер бетперде тігіп, елге қолұшын берді

Түркістан облысы Жетісай ауданындық әжелер алқасы елде болып жатқан жағдайға өз үлестерін қосу мақсатында Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 700 дана бетпердені тегін табыс етті.

Түркістан: Сайрамдағы карантиндегі ауылдардың жағдайы тұрақты бақылауда

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Қосбұлақ блок бекетіне барды.Аудандағы Көлкент ауыл округінің Ханқорған және Қосбұлақ елдімекендерінен COVID-2019 індетінің ошағы анықталуына байланысты карантинге жабылған болатын. Аудан басшысы Қосбұлақ блок бекетінде болып, төтенше жағдай талаптарының орындалуы мен дезинфекциялық тазалықтың сақталуын назарға алды.

Осы RSS каналға жазылу