Қазіргі таңда Сырдария өзенінде шіркей дернәсілдеріне қарсы биологиялық әдіс — бактицид препараты қолданылуда. Аталған шараларға төрт маторлы қайық және арнайы техникалар тартылып отыр. Бұл жұмыстар аудан аумағындағы барлық елді мекендерді қамтитын болады.
Сонымен қатар, химиялық өңдеу жұмыстары да қарқын алып, жалпы көлемі 5 408,4 гектар аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілуде. Бұл бағытта 30 бірлік техника жұмылдырылған. Ал Балтакөл ауыл округінде дәрілеу жұмыстарына арнайы әуе көліктері қолданылуда.
Шіркейге қарсы күрес жұмыстары Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тікелей бақылауында. Аудан тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Айта кетейік, бұл дезинсекциялық шаралар – маусымдық және жүйелі негізде ұйымдастырылып, ауданның барлық ауылдық округтерінде жалғасады. Мақсат – тұрғындар үшін қолайлы санитарлық орта қалыптастыру.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат