Super User

Super User

Түркістан: Індет тараған ошақтар анықталды

Түркістан облысында соңғы мәліметке сәйкес коронавирус дертін жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Өңірде ең алғашқы коронавирус дерегі 31 наурызда тіркелген. Түркістан облысы Жетісай ауданының 1971 ж. тұрғыны 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Ол 28 адаммен жақын байланыста болып, вирус таратқан.

Түркістан: Рамазан айында ауызашар өткізілмейді

Биыл Түркістан облысында Рамазан айында ауызашар өткізілмейді және мешіттерде тарауих намазы оқылмайды. Елде жарияланған төтенше жағдай кезіндегі діни жорағылар жасаудың жаңа үлгісі енгізілген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша Бас имамы Мұсабек Ақтамберді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына сілтеме жасай отырып, осылай мәлімдеді.

Түркістан: Сайрам ауданында іскер әйел мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Түркістан облысының іскер әйелдері #BizBirgemiz акциясын барынша қолдап, көмекке мұқтаж жанұяларға көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясы өкілдерінің ұйытқы болуымен Сайрам ауданында орналасқан «AYKAN» ЖШС бір миллион теңгеге жергілікті 115 отбасыға азық-түлік пен өздері өндіретін ірімшік, сүт өнімдерін таратты. Үйлеріне жеткізіп, тұрғындардың еңсесін көтерді.

Түркістан: «Салық әмияны» сервисі іске қосылды

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдан бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "eSalyq" мобильдік қосымшасында "салық әмияны" сервисі іске қосылғанын хабарлайды. Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.

Осы RSS каналға жазылу