Жоба тапсырыс берушісі Сауран аудандық құрылыс бөлімі. Спорт кешенінің жалпы ауданы 1 104,82 шаршы метр болса, құрылыс жүргізілетін жер көлемі 0,8 гектарды құрайды. Қазіргі таңда нысанда 17 жұмысшы мен 3 арнайы техника жұмылдырылған. Жоба бойынша спорт кешені электр, ауыз су, кәріз, жылу және байланыс жүйелерімен толық қамтамасыз етіледі.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі құрылыс барысын бақылап, мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң сақтап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Аталған спорт кешені пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуына мүмкіндік жасап, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спорт инфрақұрылымын дамытуға серпін береді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат