Турнирдің ашылу рәсіміне Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, білім беру саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздың еңбек жолына тоқталды. Аудан басшысы ұрпақ тәрбиесіне қызмет еткен азаматтардың өнегелі жолын насихаттау және олардың есімдерін ұлықтау маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Жарыс барысында қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын көрсетіп, тартысты кездесулер өткізді. Турнирдің негізгі мақсаты білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және әріптестік байланысты нығайту.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат