Сейсенбі, 23 Маусым 2026 18:19

Түркістанда U19 Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына дайындалуда

Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде бокстан 19 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының тереңдетілген оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Жиын аясында жас былғары қолғап шеберлері алдағы жауапты халықаралық дода – Азия чемпионатына дайындықтарын пысықтауда.

Ұлттық құраманың бас бапкері, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың айтуынша, қазіргі оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты – спортшылардың техникалық және физикалық дайындығын жетілдіріп, құрлықтық бәсеке алдында бабын толықтыру. Айта кетейік, бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты 3-19 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді деп жоспарланған. Осы маңызды жарысқа дайындық мақсатындағы Түркістандағы оқу-жаттығу жиыны 19 маусым мен 2 шілде аралығын қамтиды. Қазіргі таңда ұлттық құрама сапында Түркістан облысының бес боксшысы шеберліктерін шыңдап, ел намысын халықаралық аренада қорғауға әзірленіп жатыр.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 28 рет