Ерлер арасындағы тартысты бәсекеде Астана қаласының құрамасы жоғары шеберлік танытып, чемпион атанды. Қарағанды облысының командасы күміс жүлдеге ие болса, Жетісу облысының спортшылары үздік үштікті түйіндеп, қола медальді қанжығасына байлады.
Ерлер:
Астана қаласы
Қарағанды облысы
Жетісу облысы
Ал әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды. Түркістан облысының командасы күміс медаль иеленсе, Батыс Қазақстан облысының спортшылары үшінші орынға тұрақтады.
Әйелдер:
Шымкент қаласы
Түркістан облысы
Батыс Қазақстан облысы
Осылайша, VIII Халық ойындары аясындағы 3×3 баскетбол сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің өңірлерінен келген спортшылардың шеберлігі мен бәсекеге қабілетін тағы бір мәрте айқындады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Сондай-ақ, Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары аясындағы қол күресі жарыстары да өз мәресіне жетті. Еліміздің 20 өңірінен келген спортшылар бақ сынаған тартысты додада жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының құрамасы жеңімпаз атанды.
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
1-орын – Түркістан облысы
2-орын – Шымкент қаласы
3-орын – Шығыс Қазақстан облысы
Жарыс барысында спортшылар жоғары шеберлік пен жеңіске деген жігер танытып, көрермендерге тартысты белдесулер сыйлады. VIII Халық ойындары аясындағы қол күресі бәсекесі өңірлер арасындағы достық пен спорттық бәсекелестікті нығайтуға өз үлесін қосты. Қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат