Сейсенбі, 30 Маусым 2026 09:39

Түркістандық спортшы Азия және Океания чемпионатында алтыннан алқа тағынды

Ағымдағы жылдың 24–28 маусым күндері Филиппин Республикасының Манила қаласында ересектер арасында самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшысы Асанқызы Нурила жоғары шеберлік танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Бұл жеңіс – спортшының қажырлы еңбегі мен тынымсыз дайындығының, сондай-ақ отандық самбо мектебінің жоғары деңгейінің айқын көрінісі. Чемпионды халықаралық жарысқа жеке жаттықтырушысы Нұрғали Танкеев дайындады. Түркістан облысының спорт жанашырлары Азия және Океания чемпионы атанған Асанқызы Нуриланы және оның бапкері Нұрғали Танкеевті жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейді!

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 68 рет