Жарыс Сапарбай Болыс көшесінде орналасқан «Барыс» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Турнирге Шымкент, Тараз қалаларынан, Түркістан облысы, Сайрам және Сауран аудандарынан, Кентау және Түркістан қалаларынан 60 команда, 250-ге жуық жас спортшы қатысты. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тілеп, жеңіс жолында табандылық пен жоғары нәтижелер тіледі.
Жарыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында баскетбол спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру. Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат