Дүйсенбі, 19 Шілде 2021 11:50

Түркістан: Келес ауданында спорт алаңшалары салынуда

Ұлт денсаулығын нығайтуда бұқаралық спорттың алатын орны ерекше.

Соңғы уақыттары үлкен спортта биік белестерді бағындырған ұландарымыздың жеңісі жалпы халықты қанаттандыра түскені анық. Осы орайда «Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ортасына үлгі болу әркімнің міндеті» деген Келес ауданындағы кәсіпкерлер өз туған өлкелеріне спорт алаңшаларын салып, ауыл жастарының спортпен айналысуына мүмкіндік жасамақ. Атап айтсақ, Ошақты ауылдық округінің орталығынан бой көтеріп жатқан кіші футбол алаңын жергілікті кәсіпкер Абай Каюпов өз қаражатынан салуда. Кәсіпкердің мәлімдеуінше құрылыс нысаны күз айларына бітіп, пайдалануға беруді жоспарлау екен.

Оған қосымша ауданымызда спорт саласын дамытып, тұрғындарды салауатты өмір салтына бейімдеу үшін мемлекеттік жобалар жасалып, жүзеге асырылып жатыр. Нақтырақ тоқталсақ биыл аудандағы 5 ауылдық округінің орталық елді мекендерінде спорт алаңдары салынуда. Ағымдағы жылдың шілде айында құрылысы басталған нысандар тамыз айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 356 рет