Шымкент: радиофармацевтикалық препараттар әуе арқылы тасымалданады

Қала әкімдігінің Шымкент қаласының Әуежай басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде бұдан былай радиофармацевтикалық препараттар (РФП) тік ұшақтар арқылы жеткізілетін болды. Бұл ең алдымен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтап, емдеу шараларының тиімділігін арттырады.

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы жанынан 2022 жылы «MIG QAZAQSTAN» ядролық медицина орталығы ашылған болатын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске қосылған орталық заманауи технологиялық аппараттардың көмегімен қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға, науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Орталық дәрігерлері радиофармпрепаратты науқасқа көктамыр ішіне енгізеді, оның дозасы пациенттің дене салмағына, бойына қарай есептеледі. Радиофармпрепарат бүкіл денеге таралғаннан кейін, шамамен бір сағат ішінде пациентке Позитронды – эмиссионды томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) арқылы диагностикалық зерттеу жүргізіледі.

Шымкенттен Солтүстікке 20 тонна жүк тиелген көлік жөнелтілді

Республиканың су басқан өңірлеріне Шымкент қаласынан жүк көліктерін жөнелту әлі күнге дейін жалғасуда. Еріктілердің басым көпшілігі жеке кәсіпкерлер. Қала тұрғындар да бұл істе бас бұғып қалмаған. Арнайы ашылған есепшоттарға қаржылай көмек көрсетуде. Бүгін салмағы 20 тонна, құны 20 миллионнан асатын жүк көлі Петропавл қаласына жөнелтілмек.

4490 шымкенттік субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды

Шымкент қаласында қазір 13 323 адам ресми тұрғыда жұмысыз ретінде тіркелген. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды. Биылғы жоспар бойынша 30 207 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру жоспарланған. 

Биыл Шымкенттегі 28 нүктеде мобильді интернет сапсы жоғарылайды

Бүгінде басқарманың мониторингтеу нәтижесінде шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы 50 нүктеде интернет сапасының төмендігі анықталған. Тест драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобильді операторлармен 14 аумақта антенна-мачталық құрылғы қойылып оның 13 не базалық станция орнатылған. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал бар

«I-Shymkent.kz» - Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал. Орталық атқарушы органдарының деректер базаларымен интеграциялау жұмыстарын жүргізу үшін «I-Shymkent» порталын ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан өту қажеттілігі туындаған. Бұл туралы өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды. 

Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады

Шымкентте 20-31 мамыр аралығында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттың І-ші легі бойынша өтінім беру басталады. Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. 

Шымкенттегі балалар темір жолы серуен аймағына айналады

Қаладағы жаңғыртылып, жаңарып жатқан жобалардың басым бөлігі демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып отыр. Шымкенттегі балалар темір жолының бойы да дәл солай демеушілер көмегімен темір жол рельстері алынып, оның орнына заманауи талаптағы веложол, жаяу жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылатын болады. Яғни, балалар темір жолы қайта қалпына келтірілмейді. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Сыздықбеков А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алған балалар темір жолын аралау барысында мәлімдеді. 

Шымкентте 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетеді

Шымкент қаласында 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетуде. Барлық емханаларда қызмет тіркеу орнынан басталады. Туындаған барлық сұрақтарға толық жауапты сол жерден алуға болады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде айтты. 

Шымкент: Денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылдануда

Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы 28 комплаенс офицерлері тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы толығырақ Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде баяндады.