Ж.Түймебаев Түркістандағы кәсіпкерлік нысандарды аралады
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Аймақ басшысы алдымен «Яссы нан» ЖШС-не табан тіреді. 2014 жылы іске қосылған жобаның жалпы құны 200 млн. теңге. Тәулігіне 13,7 тонна өнім шығаратын нан зауытында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысы Насиба Атаева ас атасына деген сұраныстың артуына байланысты өнім көлемін де көбейтуге бел байлағанын айтады.