Бейсенбі, 14 Қараша 2024 19:43

Шымкенттік Бейбіт Сейдуалы қоланы місе тұтты

13 қараша Тараз қаласындағы “Тараз-Арена” спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан Кубогының 3-жарыс күні мәресіне жетті. Бозкілемде әйелдер күресінен барлық салмақтағы чемпион мен жүлдегерлер анықталды. 

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, кейінгі жылдары төл күресіміздің қарқынды дамып келе жатқанына, чемпионаттың маңыздылығына тоқталған болатын.

Сонымен бұл күнгі жарыс нәтижесі мынадай:

50 кг:

1. Светлана Анкичева (Астана қаласы)

2. Марал Тәңірбергенова (Маңғыстау облысы)

3. Лаура Ғаниқызы (Алматы қаласы)

3. Камила Апекова (Павлодар облысы)

53 кг:

1. Зейнеп Баянова (БҚО)

2. Мадина Асан (Алматы қаласы)

3. Балжан Шәкір (Түркістан облысы)

3. Аяжан Марқашева (Түркістан облысы)

55 кг:

1. Марина Седнева (Алматы облысы)

2. Айнұр Әшімова (Алматы облысы)

3. Айымгүл Абылова (БҚО)

3. Зульфия Яхьярова (Қарағанды облысы)

57 кг:

1. Нилуфар Раймова (Түркістан облысы)

2. Аида Әлжан (Алматы қаласы)

3. Шұғыла Өмірбек (Түркістан облысы)

3. Асия Нұрбек (Алматы облысы)

59 кг:

1. Гүлдана Бекеш (Қарағанды облысы)

2. Ирина Кузнецова (Ақмола қаласы)

3. Мадина Аман (Түркістан облысы)

3. Айжан Исмағұлова (БҚО)

62 кг:

1. Виктория Хусаинова (Ақмола қаласы)

2. Диана Каюмова (Астана қаласы)

3. Тыныс Дүбек (Алматы облысы)

3. Софья Змазнева (Павлодар облысы)

65 кг:

1. Елена Шалыгина (Астана қаласы)

2. Айзада Амангелді (Алматы облысы)

3. Ақерке Жұмаділ (Алматы облысы)

3. Гаухар Мұқатай (Алматы қаласы)

68 кг:

1. Ирина Казюлина (Абай облысы)

2. Альбина Каиргельдинова (Ақмола қаласы)

3. Бейбіт Сейдуалы (Шымкент қаласы)

3. Гүлдана Өсербай (Түркістан облысы)

72 кг:

1. Анастасия Панасович (БҚО)

2. Жібекжан Сабыржанова (Қызылорда облысы)

3. Шәмшиябану Тастанбек (Түркістан облысы)

3. Қымбат Абуова (Ақтөбе облысы)

76 кг:

1. Гүлмарал Еркебаева (Астана қаласы)

2. Алина Ертөстік (Алматы қаласы)

3. Арайлым Алтынбек (Түркістан облысы)

3. Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы)

Шымкент қаласының спортшылары екі салмақта бақ сынап, тек бір ғана салмақ дәрежесінде жүлде бұйырды. Спортшымыз 68 келіде өнер көрсеткен Бейбіт Сейдуалы үшінші орыннан көрінді.  

Енді еркін күрестен Кубок иегерлері анықталады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының палуандары жарыстың алғашқы күнінде боз кілемге шығып, грек-рим күресінен топ жарған болатын. Қоржынымызға 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль түсті. Жалпы, спорттық додаға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен 17 облыстан келген 450-ден астам балуан қатысуда. Қатысушылар ел біріншілігінде 16 салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр.

 

 

Оқылды 160 рет