Super User

Super User

Елбасы Жолдауын насихаттау бойынша Шымкентке вице-министрлер келді

ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау бойынша Шымкентке республикалық ақпараттық-насихат тобы іс-сапармен келді. Сол топтың бірінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев пен ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова бар. Мәртебелі қонақтарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бастап алып жүрді.

Алматыдан басталған «Ынтымақ шеруі» Шымкентке жетті

Шымкент қаласына Алматыдан делегация келді. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай бастаған делегация «Ынтымақ шеруі» жобасы аясында шымкенттік әріптестерімен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуды көздейді.

Шымкенттік Сенаторлар жастармен жүздесті

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Елбасының Жолдауына қолдау көрсетіп, талқылау мақсатында қала жастарымен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының жастарға арналған басым бағыттары сөз болды. Жастар ресурстық орталығында өткен жиынға жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы білім беретін мекеменің шәкірттері қатысты.

Түркістан облысы: жетісайлық шаруалар «Сыбаға» бағдарламасының тиімділігін көріп отыр

Солардың бірі - Мақталы ауыл округі Тың елді мекеніндегі «Муйтембайата» шаруа қожалығы. Бүгінде қожалық қорасында 100 бас бұқа бордақылануда. Мұнда негізінен ірі қара малдың етті қазақы ақбас және германдық тұқымдары жемге қойылған. Неміс бұқаларының ең ірісі кемінде 500, қазақы ақбас өгіздер 350 келіге дейін ет береді екен. 

Осы RSS каналға жазылу