ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБУДА
Таяуда «Ашық әкімдік» кеңсесінде бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Таяуда «Ашық әкімдік» кеңсесінде бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Түркістан облысында жергілікті тұрғындардың сұранысына сәйкес әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы Қапал батыр көшесінде 3 тұрғын үй салынуда. Бес қабатты тұрғын үйлерде жалпы 156 пәтер болады. Нысан биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде тұрғын үйі «апатты жағдайда» деп танылған 125 отбасы мен кезекте тұрған 31 отбасы баспаналы болмақ.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Арыс қаласына арнайы іссапармен барды. Онда бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, қаланың инфрқұрылымына қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ сала басшыларымен жиналыс өткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Талғат Жапарханұлы Қозбеков тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырып, өңірді дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Алдағы жұмысына сәттілік тіледі.