Super User

Super User

ҚАЗАҚ-ӘЗЕРБАЙЖАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ БАКУГЕ РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Бакуге ресми сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі жеткізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Түркістан облысының бюджетіне түсетін салық көлемін ұлғайту жолдары қаралды

Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері жергілікті бюджетке 30,2 млрд. теңге көлемінде салық түсіп, өсу қарқыны 131%-ды құрады. Биыл қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында салық заңнамаларының негізінде әкімшілендіру, салықтық тексеру, өндіріп алу, жанама салықтарды әкімшілендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспарды болжаммен 10 млрд. теңге көлемінде орындау жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспарлары мен бюджет шығыстарын оңтайландыру мәселесі қаралды.

Түркістан облысының әкімі шетелдік инвесторлармен жаңа жобаларды іске қосу мәселесін талқылады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қытайлық инвесторлармен кездесіп, бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асу барысын талқылады. Облыс орталығында салынатын бес жұлдызды қонақүй кешені мен аквапарк құрылысы басталу үстінде. Аталған жобалар Түркістан қаласы үшін маңызды. Туризмі өркендеп жыл сайын келушілер саны артып жатқан шаһарға аталған жоба тың серпіліс бермек.

Түркістандық Айжан Жылқыбаева қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

Үндістан елінің Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додаға әлемнің түкпір-түкпірінен мықты деген балуандар жиналып, боз кілем төрінде күш сынасып, бас жүлдеге таласты.

Осы RSS каналға жазылу