Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов және Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары қатысты.
Еліміз қай заманда да елдікке, тыныштыққа, бірлікке соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Экстремизм мен терроризмнің өршуі елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретіндігі турасында, қауіп қатерлерге қарсы тұрудың жолдары туралы айтылды.
Сонымен қатар жастардың түрлі ағымдарға еріп адасудан сақтандыру, дұрыс бағыт-бағдар көрсету баршамыздың ортақ ісіміз. Қазіргі әлеуметтік желілердің дамыған уақытында адастырушы ағымдар жетегінде кетпеу үшін дұрыс ақпаратты тани білу қажет. Сондықтан кез келген діни уағыздарды тыңдамаған абзал. Кездесу барысында мамандарға түрлі пайдалы ақпараттар берілді.
Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.
Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарды күшпен өзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға қарсы адамдардың діни ілімдері мен символдарын маңызды фактор ретінде пайдалана отырып, сенім мен діни наным үшін аяусыз күресуге бағытталады.
Қазіргі таңда, «терроризм» мәнінің әмбебап анықтамасы жоқ. Барлығына мәлім, терроризм экстремизммен тығыз байланысты, яғни, экстремизм терроризмнің бір бөлігі болып табылады. Демек, «экстремизм» тұжырымдамасын алдын-ала қарастырмай, «терроризм» ұғымының мәнін ашу мүмкін емес.
Жалпы термин ретінде «экстремизм» қазіргі заманғы саясаттың белсенді айналымына жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана енгізілді. 2003 жылы ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) анықтағандай, «экстремизм» – бұл парламенттік демократия принциптерін тікелей немесе жанама түрде қабылдамайтын саяси қызметтің нысаны.
Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.
Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.
Экстремизм мен терроризмнің танытуы адам өмірінің жойылуына, инфрақұрылымның, рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, кездейсоқ адамдар құрбан болады. Теориялық актілер адамдардың психикасына зиян келтіреді, оларды қорқытады. Сонымен қатар, терроризм экономикаға, өнеркәсіптік – сауда байланыстарына зиян келтіреді, елдегі жағдайды тұрақсыздандырады. Адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажет. Терроризм мен экстремизмге әлемдік қауымдастық қарсы тұр. Қазақстан да ерекшелік емес.
1999 жылдың шілдесінде «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары бекітілді. 2023 жылғы 23 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Е.Сағымбаевтың басшылығымен ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті. 2023-2025 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру бойынша сұрақтар талқыланды. Бұл құжат Мемлекеттік бағдарламаның логикалық жалғасы болып табылады және еліміздің тұрақтылығына төнген жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұруға бағытталған.
Экстремизм мен терроризммен күрес күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Экстремизмге қарсы тұратын руханият деп айтсақ артық болмас. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына балта шаба аламыз.
Терроризм проблемасын шешудің күш қолдану әдістері террорлық актіні жасаудың нақты қаупін тек уақытша жоя алады. Қабылданатын мұндай шаралар әрқашан да толыққанды және тиімді бола бермейді. Негізгі тіректі терроризмге алғышарттарды, тарату себептерін бейтараптандыруға жасау қажет. Жалпы, экстремизм қауіптерін ескерту және алдын алу бойынша жұмыс жасаған кезде адамдардың әртүрлі діни сенімдерге төзімділік және бейбіт өмір сүру идеясын белсенді насихаттау болып табылады.
Қазіргі таңда елімізде діни экстремизмнің алдын алу және одан сақтандыруда республика көлемінде кешенді шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, халықтың діни сауаттылығы мен патриотизмін көтеру; ақпараттық түсіндіру жұмыстарының пәрменділігін арттыру; , экстремизм мен терроризмді зерттеуді қолдау; экстремизм мен терроризммен айналысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің дайындық деңгейін көтеру,; қалалық және ауылдық жерлерде қауіпсіздік қызметінің жұмысын жақсарту; интернет кеңістігіндегі діни сайттарға мониторинг жүргізіп отыру; қалада бейнебақылау камераларының санын арттыру; мектеп оқушыларының дінтанулық сауатын көтеру; елдегі жағдайы нашар мекендердің экономикалық әл-ауқатын көтеру және т.б.
Діни экстремизмнің Қазақстанда орын алуы қылмыстық сипат алуымен ерекшеленеді. Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағында діни экстремизммен күрес қарқынды жүруде. Діни экстремизмнің алдын алуда бұдан басқа да мына жағдайда жұмыс жасауымыз қажет: мешіттер жанындағы діни сауат ашу курсының жұмыстарын жетілдіру, жастармен кездесулер жиі өткізіп, әсіре діншіл ағымдардың іс-әрекеттерін әшкерелеп отыру, исламның ғылыми-ағарту бағытына серпін беру, жастарға ұлттық менталитет пен мәдениетті дәріптеу, ақпараттық түсіндіру топтары жұмыстарының сапасын арттыру, болашақ исламтану, дінтанушы мамандарды жекелеген діни ағымдарды ғылыми-зерттеуге, мамандануға бағыттау және т.б.
Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б
Қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне және біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті қарсы тұру қаралды.
Қазақстан Республикасының басқару тәртіптері мемлекетіміздің Ата Заңы Конституцияда белгіленгендіктен ол талаптар қоғамның әрбір мүшесі тарапынан орындалуы тиіс. Дін әуелі әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады.
Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды.
Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырамыз.
Қазақстан Республикасының Конституция сында ар-ождан бостандығы мен діни бостандықтың принциптері, әр түрлі конфессияларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құруға тең құқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы принциптер бекітілген.
Сондай-ақ діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер дайындалып шығарылды. Қазақстандағы қандай да болмасын діни бірлестіктіктердің қызмет етуінің нормативтік құқықтық негізі белгілі дәрежеде әзірлен гендігіне қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рольі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған.
Осы еліміздегі белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа тенденцияларға байланысты анық та, айқын аңғарылуда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың елімізде еркін қызмет жасауының көрінісі. Мұндай әсірешіл нышандар діни фундаментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуы әбден мүмкін.
Қазіргі дін атын жамылған терроризм зорлық-зомбылықты қасиетті парыз дәрежесіне дейін көтеруді, сол арқылы дінге кір келтіріп, адамдарды хақ жолынан бездіруді көздеп отырғаны байқалады. Террористердің қауіптілігі сонда – қой терісін жамылған қасқыр іспетті, қасиетті Құран аяттарының (өз қажеттері үшін жұлмаланған) үзінділерін тілге тиек етіп, өздерінің көздеген арам пиғылдарын іске асыру үшін діни құндылықтарды бұрмалауда.
Ең өкінішті жағдай – дін негіздерін жаңадан таныған, өмірлік тәжірибесі жоқ жастардың «таза ислам» идеясы арқылы террорлық ұйымдардың тұзағына түсіп қалуы. Сондықтан бұл мәселе діни экстремизм мен терроризмнің себептері мен оған түрткі болатын жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған пәрменді шараларды жүзеге асыру міндетін алдыңғы қатарға шығарып отыр.
Шындығына келгенде, бүгінгі таңда орын алып отырған жарылыстар мен бұзғыншылықтардың артында дін дұшпандары тұрғаны анық. Олар Ислам дінінің «маскасын» киіп, жастарға теріс уағыз-насихат жүргізіп, олардың білімсіздігін пайдалануда. Яғни, жастарымыздың, түбі терроризмге апарар, адасушы жат ағымдарға кіріп кетуінің ең бірінші себебі – діни білімнің аздығы. Егер де әрбір мұсылман өз дінін үйреніп, одан кейін балаларына үйретсе, бұндай теріс ағымдарға кету күрт азаяр еді. Өйткені ата-баба дәстүрімен ажырамастай кірігіп кеткен атадініміз адамгершілік мұраттарын насихаттап, кемел адам болуға үндейді.
Жалпы, білімнің мақсаты – адамның көзін ашу. Сондықтан зайырлы білім де, діни білім де адамды дұрыс жолға бағыттап, ойдан шығарылған қате наным-сенімдерге еріп кетпеуіне күш салуы қажет. Әл-Фараби атамыз айтқан «тәрбиесіз білім апатқа апаратынын» есте сақтай отырып, беріліп жатқан білімнің халық игілігі үшін жұмсалуын қадағалау керек. Ғаламтор желісінен экстремистік контенттерді бұғаулау, азаматтардың діни білім алу мәселелерін реттеу, жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешімін табуға тырысу, экстремистік әрекеттері үшін жазаларын өтеп жатқан және экстремистік ағымдардан зардап шеккен жандарды оңалту секілді іс-шаралар – күн тәртібінен түспеуі тиіс істер.
Әсіресе жастардың діни және құқықтық сауатын көтеру, олардың бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіру және теріс идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл тұрғыда дәстүрлі діни мектепті жаңғыртудың маңызы зор. Ұлттық танымды, ұлттық ділді бойына сіңірген ұрпақ ұрдажық қадамға бара қоймайды. «Обал болады» деп, құмырсқа екеш құмырсқаны абайсызда басып кетуден сақтанып жүретін қазақы мінезді бойына дарытып өскен баланың адам баласына қару кезенуі – беймүмкін нәрсе. Ол үшін, әсіресе, мектеп бағдарламасында ұлттық дәстүрді түсіндіру, жыраулар мен ақындардың, ұлт данышпандарының еңбектерін таратып, түсіндіріп оқыту жолға қойылса, ұлттық әдептілік қағидаттары үйретілсе және отбасылық құндылықтар насихатталып отырса, құба-құп болар еді.
Қайталап айтамыз: баланың өзге ағымға кетіп қалуына бірінші кезекте ата-аналар жауапты. Жасыратыны жоқ, қазір көптеген жұмысбасты ата-аналар балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қарайды. Тіпті, намаз оқи бастаса да, «қалай оқып жүр, қайда барып жүр екен» деп қызығушылық танытып, қадағаламайды. Ал бақылаусыз кеткен баланың дәстүрлі емес діни ағымдағылардың қақпанына түсіп қалу мүмкіндігі өте жоғары. Ал кейбір ата-аналар исламофобия үрдісіне еріп, баласын мешітке жолатпайды. Бұл да – қате қадам. Өйткені, баланың ішкі ізденісі дұрыс жолмен қанағаттандырылмаса, ол басқа жол іздейді. Яғни, ресми мекеме болып табылатын мешіттен білім алмаған бала «интернет ұстаз» тауып алады. Ал ол ұстаздардың «шәкірттерінің» қайда барып жатқаны баршаға аян.
Жалпы, экстремизм мен терроризм түрлі идеологиялық және саяси доктриналарды, оның ішінде діннің атын жамылып әрекет ететіндігін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан біз терроризмммен күресеміз деп, Исламмен күресіп кетуден сақ болуымыз керек. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастырған жөн. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек. Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, пәрменді іс-шараларды атқару қажет. Иә, бұл істе жұмыла жұмыс атқару өте маңызды. Аталарымыз айтқандай, «Дін ұстана білсең – қасиетің, ұстана алмасаң – қасіретің!» Дін ғұламалары да «Дін дегеніміз – қылыш сияқты өткір нәрсе, ұстай алмасаң өз қолыңды кесесің» деп ескертіп кеткен.
«WWW.AQ-QARA.KZ»