– Өрт пен су тасқынына қарсы күрес облысымыз үшін өте өзекті. Сондықтан аудан, қала әкімдері мен тиісті басқармаларға қауіпсіздік шараларын жауапкершілікпен атқаруды тапсырамын. Жолдың жиектерін жыртып, өртке қарсы минералды жолақтар салу жұмысын шұғыл аяқтаңыздар. Екіншіден, өрт қауіпсіздігіне қажетті техника алу, бекеттер салуға қатысты ұсыныстарыңызды беріңіздер. Зерделеп, маңызына қарай қаржы бөлуге тырысамыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Аппараттың апталық мәжілісінде Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Төреқұловтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, биыл өңірде орташа ауа температурасы 40 градусты құрап, өте ыстық болмақ. Сондықтан өрт қаупі өте жоғары. Дайын болу керек.
Түркістан облысы аумағында өрт қауіпті кезең басталғалы 478 гектарды құрайтын 1 орман өрті, 187 гектарды құрайтын 64 дала алқаптарының жану жағдайлары тіркелген. Алдын алу жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітіліп, биылғы 10 сәуірде комиссия отырысымен тиісті мекемелер мен ұйымдарға тапсырмалар берілді. Жоспардың орындалу барысы ойдағыдай. Дегенмен бірқатар мекемелер мен ұйымдардың орындау көрсеткіштері ақсап тұрғаны байқалуда. Мәселен, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам, Созақ, Төлеби, Келес, Отырар аудандарының әкімдіктері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат департаментке түспеген. Сондай-ақ өрттің алдын алу үшін минералды жолақ жырту жұмыстары әлі күнге дейін кейбір аудандарда толық жүргізілмеген.
«ҚазАвтоЖолдың» Түркістан филиалы арқылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 361 шақырымына жолақ жырту жоспарланған. Бүгінде тек 128 шақырымына ғана жүргізген. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында тиісті жұмысты жандандыру керек. Бәйдібек, Қазығұрт, Созақ, Сарыағаш аудандарында минералды жолақ жырту жұмыстары өте нашар. Өңірдегі орман қоры аумақтарында 9647 шақырым жолақ салу жоспарланып, толық орындалған. Орман қоры аумағына рейд жалғасып, бүгінгі күнге 151 тұлға әкімшілік шараға тартылған.
Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Санжар Бүрлібаевтің айтуынша, дала алқабының жану оқиғалары автокөлік жолдарында жиі тіркелуде. Сонымен бірге егістік алқабында жұмыс істеп жатқан техникалардан шыққан және елді мекендер аумағындағы құрғақ шөптің өрттері де есепке алынған. Тұрғын үйлер мен қоралардан да өрт шыққан. Басым бөлігі – өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауынан. Осыған орай, минералды жолақтар жүргізу, қадағалау жұмыстарын одан әрі күшейту қажет.
Облыстық мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде 134 ерікті өрт сөндіру құрылымы бар, адам саны – 7564. Өрт сөндіруге бейімделген техника иелерімен өрт сөндіруге келісімшарттар түзілген.
Түркістан облысы аумағында жалпы 800-ден аса елді мекен орналасқан. Соңғы жинақталған мәліметтерге сәйкес мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері және құрылған маусымдық өрт сөндіру бекеттері 1 527 629 халық тұратын 656 елді мекенді өрттен қорғауда. Өртке қарсы күрес, техникамен, бекетпен қамту жұмыстары жанданады.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы заңға сәйкес, алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Осы ретте дала, орман өрттерінің алдын алу мақсатында өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл сайын мамыр және маусым айларында минералды жолақ жырту жұмыстарына бірінші кезеңде комиссия құрамында бақылау жүргізіледі. Биыл бірқатар кемшіліктер анықталып, облыстық әкімдікке ұсыныс енгізілді.Айта кетейік, облыс аумағында орман дала өрті өтуі ықтимал 520 елдімекен бар. Оның ішінде 124 елдімекен орман қоры аумағына шекаралас, яғни 50 км дейін орналасқан. Олар - Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Отырар, Арыс, Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында.
Еліміздегі жалпы орман қорының 11,4 пайызы Түркістан өңіріне тиесілі. Облыста 3,5 млн. гектарға жуық орман қоры аумақтары бар. Орманмен көмкерілген алқабы – 1 556 981 гектар. Орман шаруашылығы мекемелерінде техникалар саны 2018 жылы 306 дана болса, қазіргі күнде 443 данаға жетіп, 44,8 пайызға өсті. Облыс әкімдігінің қолдауымен орман шаруашылығына қажетті барлығы 69 бірлік, оның ішінде 21 трактор, 9 автокөлік, 15 тіркеме алынды. 2022 жылы облыстың орман қоры аумақтарында 1 орман өрті тіркеліп, барлығы 35,5 гектар, оның 34 гектары орманмен көмкерілген алқапты өрт шалып, орман шаруашылығына 1456,5 мың теңге залал келген.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, мемлекеттік орман қорында 2 млрд. және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн. ағаш-көшеттерін отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында, облыс әкімдігі кешенді жоспар қабылдап, алдағы 5 жылда 132 мың гектар аумаққа 217 млн. түп ағаш егу жоспарланған. Оның ішінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелермен 110 мың гектар жерге 170 млн. түп орман дақылдарын егу қолға алынып, атқарылуда. Былтыр орман қорының 16 200 гектар аумағына 23 818 мың данаға жуық әртүрлі ағаш көшеттері егілді. Биыл 20 300 гектар аумаққа 32 миллионнан аса көшет егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқармаға қарасты 7 орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30-35 млн. данадан астам әртүрлі көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшеттердің санын 60 миллионға жеткізу жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Орман өртінің ең маңызды сипаттамасы оның таралу жылдамдығы. Өрт сөндірушілер мен төтенше жағдай қызметкерлері алдымен оның жиегінің ілгерілеу жылдамдығымен анықтайды. Сол бойынша өртті өшіру жұмыстары жүреді.Өрттің таралуына қарай орман өрттері жер беті, жер үсті және жер асты өрттері болып бөлінеді.
Жер беті - жердің үстіне және орман өсімдіктерінің төменгі қабаттарына таралатын өрт. Жердегі өрт кезінде орман қоқысы, шөптер мен бұталар жамылғысы, өскен және өскен өсімдіктер жанып кетеді. Жердегі өрт көбінесе ормандарда болады, ал жалынның биіктігі 1,5-2 метрге жетеді. Таралу жылдамдығы әдетте минутына 1-3 метрден аспайды, өрт аймағындағы температура 400-900° дейін жетеді. Жер беті өрттері ең жиі кездеседі, өрттердің жалпы санының 98% беткі қабат өрттерінен тұрады.
Жер үсті – ең қауіпті өрт түрі. Ол қатты желден басталып, ағаштарды толықтай қамитиды. Өрт ағаш бойымен қозғалады, оның таралу жылдамдығы ауа-райынының тыныш күйінде 3-4 км/сағ жетуі мүмкін, желді ауа-райында 25-30 км /сағ және жылдам болуы мүмкін. Өрт аймағындағы температура 1100 ° C дейін көтеріледі. Жел негізгі оттан бірнеше ондаған, тіпті жүздеген метр қашықтықта жаңа өрттер тудырады.
Жер асты өрт (шымтезек) – бұл батпақты және батпақты топырақтардың шымтезек қабаты жанатын өрт. Ол төмен жылдамдықпен сипатталады (шамамен 0,5 м/мин). Шымтезек өрттерінің сипатты белгісі — көп мөлшерде жылудың жиналуымен жалынсыз жануы. Бұндай өрт түрлерін сөндіру қиын. Шымтезек өртінің себебі (тұтануы) – батпақ бетінің құрғауы кесірінен табиғи, яғни күн сәулесінің түсуі немесе адамдардың қателігінен болады.
Далада және астық алқаптарында өрттің шығуына найзағай, жердегі және әуе көлігінің апаттары, егін жинау техникасының апаттары, лаңкестік әрекеттер және ашық отты немқұрайлы қарау себеп болуы мүмкін. Ең қауіпті жағдай көктемнің соңы мен жаздың басында ауа райы құрғақ және ыстық болған кезде өрбиді.
Егер орманда немесе оған жақын жерде жанып жатқан отты көрген кездегі алғашқы міндет – өрттің әрі қарай өршуіне жол бермеуу. Ол үшін отты сөндіріп, жанған жерді мұқият қарап от шоқтарының жоқ екендігіне көз жеткізу қажет. Өртті өз бетінше сөндіру мүмкін болмаған жағдайларда өрт туралы ақпаратты«101», «112» телефон нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке, орман қорғау органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына немесе полицияға хабарлау қажет.
Орманда жануды сөндіру кезінде ең көп таралған әдіс- өрттің шетінен жасыл жапырақты ағаштармен сабалап сөндіру. Өрт жиегін, жанып жатқан материалдарды салқындататын және олардың әрі қарай жол бермеуіне топырақты лақтыру арқылы сөндіру көмектеседі.
Өрт сөндіру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жоғарғы орман өрттерінде, ағаштардың ұшар басы жанғанда, су айдындарының жағалары, ірі алаңқайлар, қылқан жапырақты өскіндері жоқ жапырақты орман пана бола алатынын білуіңіз қажет. Қылқан жапырақты орманмен тәжі төмен жас өсімдіктерден қоршалған жолдарды іздеп керек емес. Ормандағы тәртіптілік, саналы мінез-құлық және өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін қатаң сақтау ормандарды өрттен сақтауға кепілдік береді. Абайлаңыз және өрттің алдын алу – орман өрттерімен күресудің ең тиімді әдісі.
Қатерлерді орманды, дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды. Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіру, топырақпен көму немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат