Атап айтқанда, рейдтік іс-шара барысында қоғамдық орында, демалыс аумақтарында, саябақтарда, базар аумақтарында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1 бөлігімен 4 құқық бұзушылықтар анықталып, заңды шара көру мақсатында жинақталған іс-құжаттар Отырар аудандық сотына жолданды. Ал, 505-бабы 1 бөлігімен 4 құқықбұзушылықтар анықталып, 1 тұлғаға хаттама толтырылып, 42250 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынса, 3 тұлғаға ескерту шарасы көрілді. Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылып, тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат