Акцияға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудан прокурорының орынбасары Асылбек Сламбекұлы, заңгерлер, мемлекеттік мекемелер және жауапты органдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандарға жүгініп, жеке кеңестер алды. Атап айтқанда, жер және тұрғын үй мәселелері, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты сауалдар қойылды. Мамандар азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында нақты түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша арыз-өтініштерді тиісті органдарға жолдау тәртібі түсіндіріліп, азаматтарға құқықтық бағыт-бағдар көрсетілді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат