Кездесу барысында аудан аумағында жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, құрылыс жұмыстарын тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүргізуге жол бермеу, мемлекеттік жерлерді өз бетінше иелену фактілерінің алдын алу мәселелері қаралды. Аудан әкімі кәсіпкерлік қызмет заң талаптарына толық сәйкес жүргізілуі қажеттігін атап өтіп, заңсыз құрылыстар мен жерді рұқсатсыз пайдалану жағдайларын ретке келтіру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар кәсіпкерлерге анықталған заң бұзушылықтарды белгіленген тәртіппен жою және қажетті құжаттарды заң талаптарына сәйкес рәсімдеу қажеттігі түсіндірілді.
Жиын барысында кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала мамандары тиісті түсіндірмелер берді. Кездесу қорытындысында жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне аудан аумағындағы заңсыз құрылыс және жерді заңсыз пайдалану фактілеріне тұрақты мониторинг жүргізіп, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат