Рейд барысында ауданға кіреберіс автожол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұрғын үйлердің аумақтары зерделеніп, абаттандыру және тазалық талаптарының орындалу барысы тексерілді. Жұмысшы топ мүшелері тұрғындар мен кәсіпкерлерге тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға және бекітілген кестеге сәйкес шығару қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар көшелер мен қоғамдық орындарға құрылыс материалдарын, құм, қиыршық тас, топырақ және өзге де заттар мен қалдықтарды орналастыруға жол берілмейтіні ескертілді.
Рейд барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер беріліп, оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жауапты мамандар санитарлық тазалық талаптарын сақтамау немесе заңбұзушылықтарды қайта анықтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Ауданның тазалығы мен көркейтілуі – баршаға ортақ жауапкершілік. Осы ретте әрбір тұрғын мен кәсіпкер өз аумағының тазалығына мән беріп, қоғамдық орындарды таза ұстауға және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуы маңызды. Санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылау мақсатындағы рейдтік іс-шаралар аудан аумағында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат