Сенбі, 09 Қараша 2019 17:19

Шымкент: Төтенше жағдай тексеріліп жатыр

Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылыс нысанында 8 қараша күні сағат 21.15-те төтенше жағдай орын алып, нәтижесінде 1965 және 1972 жылы туған азаматтар оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Ербол Құланбайұлы және тиісті мекеме басшыларының қатысуымен өткен баспасөз брифингінде айтылды. 

Қазаншұңқыр (котлован) қазу барысында 3 техникаға (1 погрузчик, 1 каток, 1 экскаватор) қазаншұңқыр топырағы құлап, техникалар жүргізушілерімен топырақ астында қалған. Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаевтың айтуынша, төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құтқару жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, 2 жүргізуші топырақ астынан табылды. Каток жүргізушісі, 1993 жылы туған Т. есімді жігітке жедел жәрдем тарапынан көмек көрсетілді, экскаватор жүргізушісі 1972 жылы туған К. оқиға орнында қайтыс болған. Погрузчик жүргізушісіне іздестіру жұмыстары жүргізіліп, 1 сағаттан соң денесі табылды. Аталған жайт бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 939 рет