«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» демекші, көкейкестілігі жоғары мәселені күн тәртібіне шығарған жиын барысында «Шымкент – қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында құрылған жұмыс тобының есебі тыңдалды. Бағдарламаға сәйкес, қала аумағында өзге діни ағым өкілдерімен тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде 45 азаматтың дәстүрлі дінге бет бұру нышаны анықталған екен.
Сонымен қатар 47 қоғамдық тамақтану орнына тексеру жұмыстары жүргізіліпті. Және құқықбұзушылықтың алдын алу үшін білім мекемелерінде бейнебақылау камералары орнатылған. Бұдан бөлек «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» рейдтік іс-шаралары өткізілген. «Соның нәтижесінде Шымкент қаласы аумағындағы құқықбұзушылық саны өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді» дейді жауаптылар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.