Жұма, 22 Маусым 2018 17:08

Өзбекстан мен Қазақстан прокурорлары Шымкентте бас қосты

Шымкентте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы делегацияларының екі жақты жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облысының прокурорлары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бірінші орынбасары Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Өзбекстан делегациясы мен Ташкент, Сырдария, Жызақ және Науаи облыстары прокуратурасының өкілдерін Өзбекстанның Бас прокурорының орынбасары Э.Юлдашев бастап келді. Тараптар заңсыз еңбек көші-қоны, қылмыстық қудалау аясында нұсқаулықтарды орындау, Өзбекстан Республикасының сотталған азаматтарын беру, сондай-ақ бақылау пункттері арқылы автокөлік қатынасына қатысты мәселелерді талқылады.

Жұмыс кездесуіне қатысушылар Қазақстан мен Өзбекстанның прокуратура органдары мен шекаралық ынтымақтастығы ведомствоаралық екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту үшін айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы прокуратураларының өкілдері заңсыз еңбек көші-қонына қарсы тұру, сотталғандарды беру және қылмыстық-құқықтық салада халықаралық өтінімдерді орындау бойынша өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

Оқылды 1436 рет