Сенбі, 21 Шілде 2018 09:56

Шымкентте «Ерекше экономикалық аймақтардың тәжірибесі» атты конференция өтті

Шымкент қаласы өз алдына енші алып шыққалы жаңалықтардың, іс-шаралардың орталығына айналғаны белгілі. Таяуда мұнда «Ерекше экономикалық аймақтардың тәжірибесі» атты конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың өкілдері мен шетелдік қонақтар келді. Олар Шымкенттің, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады.

Конференцияға қатысушылар шетелдік кәсіпкерлерге қандай жағдай жасалған, қаражат салуға мүдделі ме, арнайы экономикалық аймақ елдің, өңірдің өркендеуіне қаншалықты әсер ете алады дейтін сауалдарды ортаға салып, пікірлерін білдірді, дәлелдерін келтірді. Сарапшылардың мәліметі бойынша, әлемде 3,5 мыңнан астам арнайы экономикалық аймақтар бар көрінеді. Және де арнайы экономикалық аймақтар құру халықаралық тауар айналымының өсуіне және инвестицияларды шоғырландыруға әсер ететін факторлардың бірі болып табылады дейді олар. Біздің елімізде де бұл аймақтар бүгінгі таңда ең алдымен инвестиция тартуда күш салу қажет.

Айтқандай, шараға келген шетелдік сарапшылар біздегі инвестициялық мүмкіндіктерге таңдай қақты. Айтуларынша, өзге елден келген кәсіпкерлер әсіресе біздегі салықтық жеңілдіктерге қызығатын көрінеді. Былтыр 80 млрд. теңгенің инвестициясын тартқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жыл соңына дейін жеңіл өнеркәсіп саласындағы 6 зауыт-фабрикамен толығатын болады. Киім және аяқкиім, мақта-мата жіп иіру өндірісі бойынша кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болады деп күтілуде. Осыған дейін әбден сүзгіден өткен 10 кәсіпорынның 8-і үстіміздегі жылы іске қосылады. 200 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта қазір бос орын жоқ, сондықтан аумақты кеңейтуді тездетіп шешу қажет дейді басқарма басшысы.

Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісіРашид Аюпов «Қазір онда зауыттар салынып кеткен. Орын жоқ. Қызығушылық танытып отырған инвесторлар көп.
Ұйымдастырушылар күн ұзақа созылған конференциядан күтері көп. Сонау Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінен тәжірибелі сарапшыларды шақырттық, сондықтан да бұл шара арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын дамыта отырып, өңірге инвестиция құюда серпін береді
»,-дейді. Тараптар түрлі бағытта бірнеше ондаған келіссөздер жасағанын айта кетейік.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 10051 рет