Сенбі, 21 Шілде 2018 10:20

Мәулен Әшімбаев пен Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттегі білім ордаларын аралады

Апта басында Шымкент қаласына іс-сапармен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге қаламыздағы ең ескі оқу орындарының бірі болып саналатын ОҚМПУ-ге барып, осындағы мектеп оқушыларын робототехника пәніне оқытатын IT сыныптарын аралап, ондағы жұмыстармен танысты.

Бұл жерде 6 сынып 80-ге жуық балаларды оқытып шығарады. Алдағы екі жылдың ішінде осындай сыныптардың саны көбейіп, 23500-ге жуық бала IT технологиясының қыр-сырын меңгеріп шығады. Сонымен бірге,«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары мектеп мұғалімдеріне IT технологияларын үйрететін ОҚМУ-дегі орталықты аралады. Бүгінгі таңда мұнда Түркістан облысының аудандарындағы мектептерден келген информатика пәнінің 20 мұғалімі және мамандығы информатик, бірақ жұмыссыз жүрген 8 адам екі апталық мерзіммен тәлім алып жатыр. Ең бастысы – мұғалімдер мен оқушыларды осы әдіспен оқыту тегін жүзеге асып отыр. Болашақта оны бітірген жұмыссыз жандар Облыстық Кәсіпкерлер палатасы бағдарламасы аясында өз бизнесін ашады немесе жұмыс табады. Мәулен Әшімбаев келешекте елміздегі барлық салаға цифрландыруды енгізудің маңызды міндет екендігін айтты.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 11171 рет