Жұма, 27 Шілде 2018 16:35

Астаналық мамандар Шымкентте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектесетін болады

Астаналық мамандар Шымкентте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектесетін болды. Бұл туралы Шымкентке арнайы сапармен келген өңірлік хабтың басқару комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен басқосуда айтылды.

Шымкентте шамамен 700 мемлекеттік қызметкер, 15 мыңнан астам мұғалім және 2 мың полиция қызметкері бар. Мемлекеттік органдардың және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері еліміздің, соның ішінде Шымкенттік одан әрі гүлденуі үшін аса маңызды және ұйымдасқан тобы болып табылады. Сосын, жақында миллионер қала мәртебесіне ие болған Шымкентте мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға назар аудару қажет.

 «Біз үшін ең маңыздысы - мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру. Оны жұртшылық үшін одан сайын қолжетімді етуіміз керек. Өйткені мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы тұрғындардың салығынан төленеді. Сондықтан біз сапалы қызмет көрсетуге міндеттіміз»,-дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. Өз кезегінде, Әлихан Бәйменов: «Президент пен қоғам мемлекеттік қызметкерлерге үлкен үміт артады. Осыған байланысты біз жұмыс күшін таңдаудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс сапасын жақсарту үшін керек»-деді.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметтегі өңірлік хаб аймақ елдері үшін мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе алмасу және білім алмасудың институционалдық базасы ретінде Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ бастамасы бойынша құрылған еді.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 11030 рет