Дүйсенбі, 08 Тамыз 2022 16:25

ТҮРКІСТАН: ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ "ҚУАНЫШ" САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев облыс орталығындағы ең ірі сауда орындарының бірі саналатын "Қуаныш" ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесудің мақсаты- сауда орталығындағы тәртіп, ірілі-ұсақты қылмыстардың алдын алу, ретсіз сауда орындарын болдырмау, жол-көлік қозғалысына кедергі келтірмеу, өрт қауіпсіздігін сақтау сынды маңызды мәлеселерді талқылау болатын.

Сондай-ақ, сервистік полиция қағидатын ұстанып, халық үніне құлақ асу мақсатында полиция мен кәсіпкерлер арасында диалог орнату.

Басқосуда кәсіпкерлер тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, сұрақтар қойылды.

Соның ішінде қайыршыларды қадағалауға алуды, көлік кептелісін жиі туғызатын көшелерге бағдаршам орнату мәселесін көтерді. Басқарма басшысы өз кезегінде полиция басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, кәсіпкерлердің сауалдарына жан-жақты жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Осылайша қаланың бас полцейі кездесу барысында айтылған барлық ұсыныс-пікірлерге құлақ асып, сауда орталығындағы қылмыстың алдын алу жолдары қалай жүргізіліп жатқанына көз жеткізіп қайтты.

Айта кетейік, "Қуаныш " сауда орталығында бүгінде 150 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар, "Көкжиек" күзет агенттігі жұмыс істеуде.

Жалпы кездесу екі тарапқа да нәтижелі болды. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге келісіп, кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныстар назардан тыс қалмайтын болады.

 

Оқылды 58 рет