Дүйсенбі, 08 Тамыз 2022 22:57

САЙРАМ: БЕЙНЕКАМЕРА МЕН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ ОРНАТЫЛМАҚ

«Өзге пікір» республикалық ақпараттық-сараптамалық, құқықтық газетінің бас редактордың орынбасары, фейсбук әлеуметтік желісінің белсендісі Ұлықбек Үмбет Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Б.Хасановтың қабылдауында болды.

Қабылдау барысында басшының назарына Қарасу ауылдық округінің Ақбай ауылына қарасты Жаңақұрылыс 17,0 гектар аумағындағы №4 көше тұрғындарының қоқыстардың тазаланбайтыны, электр жарығының түнгі уақытта қосылмайтыны, ауыз су құдығының жарылып, оның үсті темір қақпақпен жабылмай ашық күйде тұрғаны, сонымен қатар осы елді мекеннің №1 көшесіне тартылған газ құбырының жол қозғалысына кедергі болатынына қатысты көтерген мәселелерін жеткізді. Бұдан бөлек, тұрғындар балаларының жол қауіпсіздігін сақтау үшін Жібек жолы көшесіне бейнекамераларды және жол кедергілерін орнатуды сұранды.

Әкім орынбасарының берген тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен аталған көшенің тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге Қарасу ауылдық округінің әкімі Д.Сыдықов, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылыс секторының меңгерушісі Е.Момыналиев, ішкі саясат бөлімінің инспекторы И.Роззаков қатысып, мәселелердің мән-жайын сұрастырып, тұрғындарға заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқылды 241 рет