«Абай күні» қарсаңында түркістандық полицейлер Абайдың әнін жанды дауыста орындады
Әр жыл сайын 10 тамыз - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне "Абай күні" болып аталып өтіледі. Демек, бұл күн - ақиық ақынның шығармашылығын, құнды жазбаларын кейінгі ұрпаққа дәстүрлі түрде жеткізуге керемет мүмкіндік бермек. Осынау айрықша сәтте Түркістан облысының полицейлері ақынның көпшілікке кеңінен танымал "Көзімнің қарасы" әнін шырқады. Олар Абайға деген сағынышты сезіне отырып, әнді жүрекпен орындады.
Бұдан бөлек облыстық полицейлер Абай күніне тарту ретінде оның қара сөздері мен шығармашылығынан үзінділер оқып, көпшілікке ұсынуда. Формадағы сақшылардың ұлы кемеңгерге деген құрметі ерекше! Ендеше полицейлер шырқаған әнді қабыл алыңыздар.